Сенат жобаларды пысықтауға кірісті

1347
0
Бөлісу:

Жоғарғы палата спикері Қасым-Жомарт Тоқаевтың төра­ғалық етуімен Сенаттың бюро отырысы өтті. Онда бюро Мәжілістен түскен заң жобаларын комитеттерге бөліп берді. Сондай-ақ Сенаттың кезекті жалпы отырысының күн тәртібін белгіледі.

Сонымен, палатаның конс­титуциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті «Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Жарғысын ратификациялау туралы» заң жобасын одан әрі пысықтауға және ол бойынша қорытынды әзірлеуге жауапты.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша бас комитет болып, Әлеу­меттік-мәдени даму және ғылым комитеті белгіленді.
Бюроға палатаның 2017 жылы 6 сәуірде өтетін кезекті отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар енгізілді.
Ол жиында сенаторлар қол­даныстағы заңнамаға әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша түзетулерді, «Коллекторлық қызмет ту­ралы» және «Қазақстан Республи­касының кейбір заңнамалық актілеріне кол­лекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасын қарайтын болды.

Ерік ЕРДЕНОВ

Бөлісу:

Пікір жазу


*