Түрік инвестициясы тартылады

268
0
Бөлісу:

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Түркияның Сауда, өнеркәсіптік палаталарының және тауар биржалары одағының басқарма төрағасы Рифат Хисарджиклыоглумен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сауда-экономи­калық қарым-қатынастарды нығайту, Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне түрік инвестицияларын тарту, сонымен қатар жеңіл өнеркәсіп саласында бірлес­кен кәсіпорындарды ашу мәселелері талқыланды.
Айта кетейік,Түркияның Сауда, өнеркәсіп палаталары мен тауар бир­жа­лары одағы 61 сауда палатасын, 11 өнеркәсіптік палатаны, 175 сауда-өнер­кәсіптік палатасын, 2 теңіз палатасын және 110 сауда биржасын біріктіреді. Палаталар мен биржалардың жалпы саны 364-ті құрайды.
Cондай-ақ Бақытжан Сағынтаев «Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қорындағы мемлекеттік сатып алулар жүйесін жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңес барысында сатып алулар үдерісі кезіндегі жергілікті қамтуды дамыту мәселелері талқыланды, сондай-ақ Премьердің Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы отандық бизнес өкілдерімен кездесуі барысында ескерілген ұсыныстар қаралды.
Жиын соңында жауап­­ты мемлекеттік органдарға, сонымен қатар келісілген түрде «Атамекен» ҰКП-ге бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Серiк САДЫР

Бөлісу:

Пікір жазу


*