Жастар ел алдындағы парызын ұмытпауы қажет

1340
0
Бөлісу:

Атырау облысы Мақат ауданында «Жас Отан» Жастар Қанатының қолдауымен  «Жастар Отанға!» жобасы аясында аудан жастарымен кездесу өтті.

Мақат мұнай және газ колледжінде өткен кездесуге аудан жастары мен  аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Алмагүл Аралбекова, Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының Мақат ауданы бойынша филиалының заңгер-кеңесшісі Гүлназ Едігеева, Мақат ауданының жұмысшы  жастар, жұмыссыз жастар, жас кәсіпкерлер және аудандық «Жас Отан» ЖҚ-ның белсенді мүшелері қатысты.

Кездеуде Атырау облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының қолдауымен «Жастар арасында мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктері мен жастарға қатысты шараларын насихаттау мақсатында «Жастар-Отанға!»  партиялық жобасы екі бағыт бойынша жүзеге асырылатыны терең түсіндірілді.

Атырау облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Ринат Гилажев Жастар-Отанға!» партиялық жобасы екі бағытын, яғни жастарды әлеуметтік бейімдеу және қоғамдық қызметке тарту, ауыл жастарына атаулы көмек беру туралы түсіндірсе,  мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктері мен жастарға қатысты шараларын түсіндіру және насихаттауға қатысты.

Облыстық Жастар ресурстық орталығы, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің сатуды дамыту секторы мен Атырау қалалық «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының өкілдері  Мемлекет тарапынан жастарға жасалып отырған барлық мүмкіндіктерді саралап айтып, жастар сұрақтарына жауаптар берді.

Өз кезегінде аудан жастары, Елбасымыздың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында алға қойған мақсаттарын жұмыла  жүзеге асыру біздің еншіміздегі беделді міндет деп жаңғыру жолына нық сеніммен қадам басып, өздеріне берілген зор мүмкіндіктерді ұтымды пайдаланатындарын  айтты.

Бұл  жиыннан соң Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде Доссор кентінің жастары арасында «Еркін пікір» дискуссиялық алаң отырысы өтті. Кездесу аясында Атырау облыстық «Жас Отан» ЖҚ-ның төрағасы Ринат Гилажев  «Жұмыспен қамту -2020», «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламалар туралы жастарға түсіндірді. Еркін пікір алаңында, жастардың белсенді болып, тегін кәсіби-техникалық білім алып, жұмысқа тұрып қоғамда өз орнын орнықтыруында ерінбей еңбектенуі қажеттігі айтылды. Жалпы жүздесудің  мақсаты ауылдық және қалалық жерлерде туындаған мәселелермен бөлісу және оларды шешу, мемлекеттік және әртүрлі салалардың бағдарламалардың орындалысын сараптау болды.  Отырыс барысында жастар белсенділік танытып сұрақтар қойды. Аудан жастарының қазіргі кездегі басты мәселесі жұмыссыздық болып отыр. Осы сұраққа орай, Мақат аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Алмагүл Аралбекова  «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» туралы түсіндірді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің сату дамыту секторының кеңесші маманы Сәуле Имандосова жинақ банкінің жеңілдіктері мен мүмкіндіктерін  айтты.

 

Тұрсын ҚАЛИМОВА

АТЫРАУ облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*