Жаһандық үрдістерге назар аударды

334
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Асқар Жұмағалиевті қабылдады.

Кездесуде Елбасыға «Қазатом­өнер­кәсіп» ұлттық атом компаниясы» ак­ционерлік қоғамы жұмысының нәти­желері туралы есеп берілді. Сон­дай-ақ жалпы атом саласын дамыту барысы жөнінде мәлімет ұсынылды.
Нұрсұлтан Назарбаев атомды бей­біт мақ­сатқа пайдалану мәселесіне және атом электр стансалары жұ­мы­сын­­дағы жаһандық үрдіс­терге назар ау­дарды.
Сондай-ақ А.Жұмағалиев Қазақ­­­стан Пре­зи­дентіне өткен жыл қоры­тын­дысы бойынша кәсіпорынның жос­­­парланған барлық өнді­рістік және қар­жылық көрсеткіштерге қол жеткіз­генін баян­дады. Компанияның нақты табысы алғаш рет 108 млрд теңгеден асқан.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына кә­сіпорынды трансформациялау бағ­дарлама­сының іске асырылу барысы туралы мәлімделді. Одан 16 млрд тең­ге­ден астам эко­но­микалық пайда түскен.
Елбасы «Қазатомөнеркәсіп» ұлт­тық атом компаниясын әртарап­тандыру және жаңғырту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет екенін айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар тап­сыр­ма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*