«Бейбітшілік кілемі» «ЭКСПО – 2017» көрмесінде көрсетіледі

1110
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясының ғимаратында G-global фестивалі өтті. Оның мақсаты – Қазақстан халқының салт-дәстүрлері мен мәдениетін жандандыру. Фестиваль аясында Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктерінің және қолөнер жәрмеңкелері өтті.

«Бейбітшілік кілемін» жасаудың символдық мәні бар. Бұл – түрлі этнос­тар мен мәдениеттерге жататын қол­өнер шеберлерінің жұмыстары тігілген панно. Кілемде шағын кілемшелер, сүлгілер, ою-өрнектер мен киізден жасалған картиналар бар, олардың бірі антиядролық қозғалысқа арналған. Осының барлығы табиғи материал­дардан қолдан жасалды. Алдағы уақытта кілем кеңейтіледі – жаңа паннолар мен жұмыстар оның бір бөлігіне айналады.
«Бейбітшілік кілемі» барша әлем бойынша түрлі қалалар мен мемле­кеттерде жасыл эко­номикаға арналған көрмелерде және форумдарда көпшілік назарына ұсынылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар ол Астанада «ЭКСПО – 2017» көрмесінде көрсетілмек.
Мұнымен қоса, форум аясында өткен пленар­лық отырыста мемлекеттік қоғам қайраткерлері, президенттің серіктесі Қуаныш Омашев пен «Алтын сапа» Президент сыйлығының лауреаты Ырза Тұрсынзада баяндама жасады.
Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА,
Қарағанды облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*