Мәселелерге мән берілді

668
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары, қалалық мәслихат депутаты Станислав Канкуров кеше өткен қоғамдық қабылдау барысында көп мәселенің жүйелі шешілетіндігін айтты.

Депутаттармен, мемлекеттік орган­дардың басшыларымен кездесу үшін қоғамдық қабылдауға келген аза­маттардың бәрі де үкілі үміт жетегінде болары анық. Жеке мәселелерін ше­шуге септігі тие ме деген оймен келу­шілердің соңғы арқасүйері партия екендігі даусыз. Түйіннің шешілуіне жәрдем беретін, нақты іспен айна­лысатын «Нұр Отан» партиясының шарапатын көргендердің қарасы көп. Бұл жолы партияның Алматы қалалық филиалындағы қабылдауды төрағаның орынбасары, қалалық мәслихат депу­таты Станислав Канкуров өткізді.
– Менің көзқарасым бойынша, қо­ғамдық қабылдаудың жұмысы өте маңызды, – дейді Станислав Канкуров. – Бұл маңызды ғана емес, жекелеген азаматтардың басындағы мәселені жеке шешудің бірден-бір құралы. Қала тұрғындары үнемі бетпе-бет кездесетін кедергіні жүйелі шешудің мүмкіндігі бәрінен де маңызды. Мәселен, бүгін қабылдауға келушілер ұсынған проб­леманың бірі үйішілік есептеуіштерді тексеру төңірегінде болды.
Өйткені депутатқа сауал қойған зейнеткер Аманбай Байнимиров қазіргі қолданыстағы заң бойынша үйішілік есептеуіштерді орнатылған күннен бастап 5 жылға дейін тексеріп тұру талап етіледі. Бұл міндетті атқару үшін уақыт та, қаржы да аз жұмсалмасы анық. Алайда тауарды дайындаушы зауыт өніміне кепілдік береді және көлемін көрсетеді. Сондықтан бұл мәселені оңтайлы шешудің жолдарын қарастыру қажет.
– Мәселе мұнда, тексерудің тұрақты жүргізілуі техникалық жағынан ақта­ғанымен, бұл мәселе төңірегінде түйткіл баршылық, – дейді депутат. – Жұртшылық тарапынан айтылған ұсы­ныстарды біз түпкілікті қарап, сарап­шылар комиссиясына ұсынамыз. Нәти­жесінде, нормативті базаларға өзгерістер енгізсек, сонда ғана мәселені толық шешуге болады.
2017 жылдың І тоқсанында ғана «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының қабылдауына мыңнан астам шағым түскен. Оның ішінде 300 мәселе оң шешімін тапқан. Сондай-ақ Алматы қаласының ірі бастауыш пар­тия ұйымдарында тұрғындар тарапынан түскен өтініштерді қарау мақсатында 47 рет қоғамдық қабылдау ұйым­дас­ты­рылған.
Жолдасбек ӘШІМХАНҰЛЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*