Армандарын орындайды

1020
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясы Петропавл қалалық филиалының өкілдері  жетім балаларға арналған мектеп-интернаттың түлектерімен кездесті. «Болашақ» өкілдігінің жетекшілері жастарға «Нұр арман»  жобасы бойынша білім алудың мүмкіндіктерін айтып берді.

Жетім балаларға арналған Солтүстік Қазақстан мектеп-интернаты ондаған жылдардан бері «Жылы баспана» атауына ие болған. Мұнда балалар отбасылық жүйеде өмір сүреді, бірінші сыныптан бастап информатика мен ағылшын тілін оқиды. Сондықтан да болар, 10 және 11-сынып оқушылары елі­міздегі ең беделді жоғары оқу орын­дарына түсу үшін алдына зор мін­деттер қояды. Тіпті алыс-жақын мем­ле­кет­терде білім алғысы келетіндер де бар. Жетім және тұрмысы нашар отба­сыларда өскен ұл-қыздардың асқақ армандарын жүзеге асыруға «Нұр ар­ман» партиялық жобасы нақты кө­мектесе алады.
Талантты жастардың танымал жо­ғары оқу орындарында оқуына мүм­кіндік беретін жобаның бастамашысы – ұлт Көшбасшысы, «Нұр Отан» пар­тия­сының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев. Партия жастарға қайырым­дылық бі­лім гранттарын тұрақты бөліп келді. Онда білім алумен бірге ай сайын­ғы сти­пендия, медициналық сақ­тандыру, көлік шығыны, оқу жы­лының барлық мезгілінде визалық қолдау қамтылған.
Білім грантын қалай алу керектігі жөнінде «Нұр Отан» партиясы «Бола­шақ» филиалының кеңесшісі Мұрат Оспанов кеңес берді. Бірінші кезекте бұл мүмкіндікке жетім, ата-анасынан айырылған, қараусыз қалған, тұрмысы төмен отбасы және толық емес отбасы, «Күміс алқа», «Алтын алқа» иегер­лері­нің және мүгедек балалар ие бола алады.
– «Нұр Отан» партиясы «Болашақ» филиалы мамандыққа бейімдеу аясында мектеп түлектерімен кездесіп, «Нұр арман» жобасын түсіндіру шара­ларымен айналысып келеді. Біздің мақсатымыз – балаларға жобаның шарттарын, қандай құжаттар қажет­тігін, тағы басқа мәселелерді түсіндіру, – дейді Мұрат Оспанов.
Партиялықтар алдағы уақытта басқа да білім ордаларына бас сұғып, мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы отба­сыларына, жетім балаларға жоба туралы әңгімелеп бермекші.

Ж.ӘШІМХАНҰЛЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*