Жолдаудың жөні бөлек

759
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясының Қызылорда қалалық филиалына қарасты «Орталық» бастауыш партия ұйымының мүшелері Елбасы Жолдауын талқылады.

№1 қалалық емханада орналасқан «Орталық» бастауыш партия ұйымы­ның партиялық төрт тобында 260 пар­тия мүшесі бар. Шараға бастауыш ұйым мүшелерімен қатар, қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орын­басары Шәріп Әбдірахманов, партия ардагері Сағындық Шәмшиев, партия белсенділері қатысты.
Жиылғандар Елбасы Жолдауы мен Ұлт жоспарын жүзеге асырудағы мақ­сат-міндеттерді пысықтап, маңызды құжаттағы әрбір тарауға жіті мән берді, өз пікірлерін ортаға салды.
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов өз сөзінде: «Еліміздің 1991 жылы қалай тәуелсіздік алғанын, дамудың қай жо­лын таңдағанын бақыладық. Қазақстан – қазір экономикасы қарқынды даму үстіндегі, саяси тұрақты мемлекет. Қа­зақстанның әрбір жетістігінің бас­тауында Президент Нұрсұлтан Назарбаев тұр. Әлем Қазақстанды толеранттықтың эталоны деп таниды. Өйткені соңғы 10 жылда еліміз қата­рынан бірнеше саяси реформалар жүргізіп, үлкен нәтижелерге жетіп отыр. Елбасының Қазақстан халқына жолдаған әрбір Жолдауы осы кезге дейін нәтижесіз қалмады. Ел Прези­дентінің биылғы Жолдауы да әрбір саланы толық қамтып, нақты қадам­дарға жол бастап отыр», – деді.
№1 емхананың бас дәрігері, «Ор­талық» бастауыш партия ұйымының жетекшісі Рахима Сералиева Елбасы жыл сайынғы Жолдауларында денсау­лық сақтау ісіне айрықша тоқталып, әлеуметтік саланың даму көкжиегінде атқаруға тиіс істерді айқындап келеді. Соның бірі биылғы Жолдаудан көрініс тауып отырған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі еке­ніне тоқталды.
– Әлем мойындаған бұл жүйенің мемлекет пен жұмыс берушіге, ең бастысы – халық үшін тиімді тұстары көп, сол себепті, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Үшжақты жауаптылықты жүктейтін бұл жүйенің дәрігерлер үшін маңызды тұсы – әр адам өз денсаулығына жауап­тылықпен қарайтындығы, – деп атап өтті.
Партия ардагері Сағындық Шәм­шиев Жолдаудағы Елбасы атап өткен елдегі дәрі-дәрмек бағасын тұрақ­тандыруда тиісті атқарушы органдар жүйелі жұмыс жасау керектігін айтты.
Жиын соңында шараға атсалыс­қандар маңызды құжаттағы әрбір та­рауды халық игілігі үшін жүзеге асыруда аянбайтындықтарын жеткізді.
Мира ҰЗАҚОВА

Бөлісу:

Пікір жазу


*