Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

935
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында Курчатов қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде қалалық су арнасы меке­месі мен ТҮКШ мекемелері программист пен оператор қызметін ұсынды. Жәрмеңке барысында 3 азамат осы мекемелерге жұ­мысқа орналасты.
– Құлағымның дұрыс естімеуіне бай­ланысты мүгедекпін. Дегенмен оператор болып жұмыс істей аламын. Компютерлік курстарды да бітірдім. Мүгедек жандарды ұмытпаған қоғамға алғысым шексіз, – дейді қала тұрғыны Әлия Жағыпарова.
Айта кетерлігі, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында Шығыс Қа­зақстан облысында бірқатар шаруа ат­қарылуда. Мүгедек жандарды жұмысқа орналастыру мен олардың мәселелерін тереңірек зерттеуге бағытталған дөңгелек үстелдер мен жиындар партияның филиа­лында өткізіліп жатыр. Аудандық, қала­лық филиалдардың атсалысуымен был­тыр облыстағы 503 ғимараттың мүгедек жандарға қолайлылығы тексерілді.
306 ғимарат пандустармен қайта жабдық­таудан өтті.
– Облыста 59 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат бар болса, олардың 14800-і – балалар. Біз осы азаматтардың қоғамда өздерін кем сезінбей, толыққанды өмір сүрулеріне жағдай жасауымыз керек, – деді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынба­сары Әнуарбек Мұхтарханов.

Адал ШАБЫТ

Бөлісу:

Пікір жазу


*