Жастар кәсіпорынмен танысты

1085
0
Бөлісу:

Жезқазған қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС жанындағы «Нұр Отан» партиясының филиалы Технологиялық колледж бен орта мектептердің жоғары сынып оқушыларын «Қазақмыс» корпорациясының өндірістік-техникалық орталығымен таныстырды.

Шараның мақсаты – кәсіпорынның қызметін насихаттау, жастарға мамандық таңдауға жол көрсету.
– Бүгінде техникалық кәсіби ма­ман­дықтарға сұраныс өте жоғары. Олар қай заманда болсын жұмыссыз қалмаған. Сон­­дықтан жастар арасында қандай кә­сіпорындар, мамандықтар бар екендігі туралы ақпараттық жұмыстар өткізу өте маңызды, – дейді «Казақмыс» корпо­рациясы жанындағы партия филиалының Қарағандыдағы аппарат жетекшісі – хатшы Асқар Ұржанов. Колледж студент­тері металлургиялық алыптың жұмысы­мен танысты. Олар кәсіпорын жұмысшы­ла­рынан мамандардың атқаратын қызметі жайлы сұрады. «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС жа­нындағы партия филиалы қыз­мет­кер­лерінің айтуынша, жастар ара­сын­да үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу – партияның басым бағыттарының бірі.
Жезқазған қалалық партия филиалы­мен, үкіметтік емес ұйымдармен, қалалық мәслихат депутаттары және мемлекеттік мекемелермен бірлесе отырып жастар арасында ұдайы дөңгелек үстелдер, та­қырыптық кездесулер өтіп тұрады. Мұның бәрі маңызды.
Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА,
Қарағанды облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*