Көлік заңнамасы жаңғырады

1302
0
Бөлісу:

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің бюро отырысы өтті. Онда бюро мүшелері палатаның алдағы жалпы отырысының күн тәртібіне шығарылатын мәселелерді анықтады.

Алдағы жалпы отырыста халық қалаулылары көлік мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаға енгізілетін түзе­тулерді талқылайды деп күтілуде. Бірінші оқылымда қаралатын бұл заң жобасын депутаттардың өздері әзірлеген. Ол көліктегі мемлекеттік бақылаудың қолда­ныстағы жүйесін жетілдіруге бағытталады.
Атап айтқанда, оның аясында жолаушылар темір жол көлігін шекаралық кедендік бақылауды ұйымдастыру үшін құқықтық негіздер түзу, кірме жолдарды пайдаланушылар үшін тең жағдайлар жасау көзделуде. Сондай-ақ қазақстандық су көлігін және сауда мақсатында теңізде жүзуді дамытуды заңнамалық қамтамасыз ету мақсат тұтылып отыр.
Жалпы отырыста депутаттарға қорғаныс және әскери қызмет, сонымен бірге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелеріне қатысты жаңа заң жоба­ларын екінші оқылымда қарау ұсынылады.
Мәжіліс жалпы отырысының күн тәртібіне сондай-ақ, Ислам конферен­циясы ұйымына мүше елдер арасындағы экономикалық, техникалық және сауда ынтымақтастығы туралы бас келісімге байланысты ратификациялық заң жобасы енді.
Палата өзіне келіп түскен жаңа заң жобасын – «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша бейінді комитеттің қорытынды әзірлеуінің мерзімін белгілейтін болады.

Ерік ЕРДЕНОВ

Бөлісу:

Пікір жазу


*