Германиялық қалаулыларды қабылдады

291
0
Бөлісу:

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Бундестагтың германиялық-орталықазиялық парламенттік тобының мүшелерімен кездесті. Манфред Грунд бастаған неміс депутаттары делегациясының Қазақстанға сапары 11-14 сәуір аралығында жалғасады. 

Жүздесу кезінде тараптар қазақ­стандық-германиялық қа­рым-қаты­настарды, соның ішін­де парламентара­лық ынты­мақ­тастықты ары қарай ны­ғай­тудың перспективті бағыттарын тал­қылады. Парламентшілер қос тарап арасында сенімге құрылған диалог, өзара түсіністік, мүдде­лілік пен ынта-ықылас орнағанын және бұл Қазақстан мен ГФР саяси қа­тынастарының негізі болып табылатынын атап өтті.
Әріптестерін Германияның жаңа президенті Штайнмайер мырзаның сай­лануымен құт­тықтаған Мәжіліс төрағасы Н.Нығ­­матулин оның жаңа қыз­метте қа­зақстандық-гер­мандық қаты­насты терең­детуге ықпал ететініне сенім білдірді.
Спикер Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Герма­ниямен ынтымақтастықты дамы­туға әрдайым айрықша көңіл бөлетініне назар аудартты.
– ГФР – Қазақстанның Еуро­палық одақтағы жетекші сауда-экономикалық және инвести­циялық серіктестерінің бірі. Биыл екі ел арасында диплома­тиялық байланыстардың орна­ғанына 25 жыл толды. Осы уақыт ішінде барлық салада өзара қарым-қатынас айтарлықтай жоғары деңгейге жетті. Әсіресе, Қазақ­стан Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылы Бер­линге ресми сапары қазақстан­дық-германиялық байланысты стратегиялық әріптестік деңге­йіне дейін көтерді, – деді ол.
Кездесуде Қазақстанның индустриал­дық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асы­руға Германияның қатысу мүм­кіндігі, сондай-ақ Еуразия­лық эко­номи­калық одақ, Орта­лық Азия мен Қытай нарық­­та­рына шыға алатын жоғары технологиялы бірлескен кәсіп­орындарды Қазақ­станда құру жайы да сөз болды.
Мәжіліс басшысы делегация өкілдерін ағылшындық құқық жүйесіне негізделген «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру және дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайынан да хабардар етті.
Мәжіліс төрағасы мейман­дарды елі­мізде жүргізіліп жатқан конститу­циялық реформа жө­нін­де де толыққанды құлағдар етті.
Өз кезегінде Манфред Грунд тәуелсіз мемлекет құра отырып, демократиялық жолмен өркендеу Қазақстанның өзгеге ұқсамайтын ерекше даму жолы болып табы­латынын және оның жылдан жылға табысты жүзеге асырылып келе жатқанын атап өтті.
– Мемлекеттік құрылымдарды түзу, экономикалық реформалар жүргізу, әлеуметтік жүйені қалып­тастырып, дамыту және бұл ретте демократиялық жолмен жүру – Қазақстан табысты түрде еңсере алған үлкен сын! – деді М.Грунд.
Тараптар парламентаралық байла­нысты нығайтудың өзекті сұрақтарын да талқылады.
Кездесу соңында Нұрлан Нығматулин мәртебелі мейман­дарын Астанада 10 маусымда ашылатын «ЭКСПО – 2017» көр­месіне қатысуға шақырды және Герма­нияның ұлттық павильоны қазақстандық­тар мен шетелдік қонақтар арасында үлкен танымалдылыққа ие болатынына сенім білдірді.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*