Елбасы Әділет министрін қабылдады

214
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әділет министрі Марат Бекетаевты қабылдады. Кездесу барысында Президент Әділет министрлігінің 2016 жылғы қызметі туралы есебін тыңдап, алдағы жұмыс жоспарларымен танысты.

Қазақстан Президентіне заң жо­басын жасау жұмыстары жоспарының орындалуы жөнінде мәлімет берілді. Бұл ретте ел Парламентінің қарауына 18 заң жобасы енгізілген. М.Бекетаев­тың мәліметі бойынша, биылғы екінші тоқсаннан бастап 28 заң жобасын ұсыну жоспарлануда.
Елбасы мемлекеттік орган қызме­тінің нәтижелеріне оң баға берді.
Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев Әділет министрлігі алдында тұрған, ұлттық заңнаманы қалыптастыруға бел­сене атсалысу, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық акті­лерге құқықтық сараптама мен талдау жүргізу, еліміздің халықаралық арена­дағы қызметін құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету және зияткерлік мен­шік құқығын қорғау сияқты бірқатар маңызды міндеттерді айқындады.
Әділет министрі Мемлекет басшы­сына заң шығару және үйлестіру жұ­мысы, ашық форматтағы заң шығару жұмыстары жөніндегі ведомствоара­лық комиссия қызметі туралы баян­дады. Атап айтқанда, бұл ведомствоара­лық комиссия жұмысының үдерісін журналистерге онлайн режимінде ба­қылауға, сондай-ақ отырыстардың қорытындысы бойынша БАҚ үшін брифинг ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*