Партия қызметінің қорытындылары тыңдалды

49
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады.

Мемлекет басшысы кездесуде партия­ның 2016 жылғы қызметінің қорытынды­ла­ры жө­ніндегі есепті тыңдап, алдағы ке­зең­­ге арнал­ған жұмыс жоспарларымен та­­нысты.
Нұрсұлтан Назарбаевқа жалпыұлттық күн тәртібіндегі маңызды аспектілерді іске асыру шаралары, сондай-ақ ел дамуының бас­ты бағыттары жөнінде жұртшылықты хабардар ету мәселелері туралы баяндалды.
М.Құл-Мұхаммедтің мәліметі бойын­ша, 2015 жылмен салыстырғанда партия құрылымдарына арыз-шағыммен жүгінген азаматтар саны 30%-ға артқан. 2016 жылы 283 мыңнан астам өтініш келіп түскен, қазір оның 92%-ы оң шешімін тапты.
Сондай-ақ Елбасыға партия өкілдері-нің өңір­лердегі жұртшылықпен кез­де­сулерінің қо­рытындылары және күн­делікті қызмет бары­сында қолданы­латын партия жұмы­сы­ның жаңа форматы жөнінде мәлі­мет беріл­ді.
Кездесудің қорытындысы бойынша БАҚ үшін өткен брифингте Мұхтар Құл-Мұхаммед биылғы жылы Мемлекет бас­шы­сының халыққа үш тарихи бастамасын жария еткеніне тоқталды.
– Елбасымыз биыл Қазақстан халқына үш үлкен тарихи Жолдауын арнады. Егер конс­титуциялық реформа еліміздің саяси жүйесін түбегейлі жаңғыртуды бастаса, Жол­дау – жаңа инновациялық, технология­лық биіктерге жеткізетін экономикалық жаңаруға жол ашты. Жақында жарық көр­ген мақала қазақ ұлтын рухани жағынан түлету мен өркендетудің басты бағыт-бағ­дарын айқындап берді. Осы үшеуі ұлттық ренессанстың стратегиясын құрайды. Біз­дің ендігі мақсатымыз – Елбасының асыл сөз­дерін әр қазаққа жеткізу, – деп атап өтті «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орын­басары.

Бөлісу:

Пікір жазу


*