Комиссия отырысы өтті

1216
0
Бөлісу:

Үкімет үйінде Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жиынға мемлекеттік органдардың, «Са­мұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басшылары қатысты.
Отырыс барысында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында несиелік тұрғын үй құрылысын салу үшін Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы ор­гандарын қаржыландыру шаралары, сонымен қатар өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъек­тілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспары қаралды.

Ерік ЕРДЕНОВ

Бөлісу:

Пікір жазу


*