Әріптестік келешегі бағамдалды

218
0
Бөлісу:

Үкімет үйінде ел Үкіметінің басшысы Бақытжан Сағынтаев Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесі Премьер-министрінің бірінші орынбасары Чжан Гаолимен кездесті. Кездесу барысында екі елдің сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, қаржы, энергетика, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимыл мәселелері, бірлескен ірі жобаларды жоспарлау мен ұзақмерзімді бағдарламаларды әзірлеуді қоса алғанда, транзит-көлік және инфрақұрылымдық өзара іс-әрекет салаларындағы мәселелері талқыланды.
Қазіргі таңда екі ел арасында қазақ­стандық «Нұрлы жол» инфрақұрылым­дық даму мемлекеттік бағдарламасы мен қытайдың «Жібек жолының экономи­калық белдеуі» бастамасын ұштастыру бойынша Ынтымақтастық жоспарын іске асыру жұмыстары белсенді түрде жүргі­зілуде. Жоспарға Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың ҚХР төрағасы Си Цзинь­пинмен келіссөз жүргізуінің қорытындысы бойынша 2016 жылғы 2 қыркүйекте Ханчжоуда қол қойылған болатын.
Кездесу барысында ауыл шаруа­шылығы саласындағы қазақстандық шаруалардың өнімдерін қытай нарық­тарына экспорттауды ілгерілетудегі ын­тымақтастық келешегіне баса назар аударылды. Сонымен қатар су қаты­настары, трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау мәселелері қаралды.
2016 жылдың қорытындысы бо­йын­ша Қазақстан мен ҚХР арасын­дағы сауда айналымы 7,9 млрд дол­ларды құрады. Оның ішінде Қа­зақ­станнан Қытайға сатқан экспорты 4,2 млрд долларды, ол елден тасымалдаған импорты – 3,7 млрд доллар.
Мұнай мен уранды есепке алма­ғанда, Қазақстаннан Қытайға шыға­ратын заттық экспорты 20,4%-ға өсті.
Қытай – Қазақстанның басты инвестициялық серіктестерінің бірі. 2005 жылдан бастап 2017 жылғы 1 ақ­панға дейінгі аралықта ҚХР-дан Қа­зақ­стан экономикасына түскен тікелей инвес­тициялар көлемі 13,9 млрд АҚШ долларын құраған. Осы кезеңдегі Қа­зақ­станнан Қытайға жіберілген ин­вести­циялар көлемі 519,7 млн доллар болды.
2017 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда қытай капи­талы құйылған 2783 кәсіпорын тіркелген.
ҚХР – Астанада өтетін «ЭКСПО – 2017»-ге қатысатынын растаған алғашқы елдердің бірі және қытай павильоны көрмедегі ең ірі павильон­дардың біріне айналады. Бұдан өзге 2017 жыл «Қазақ­стан­дағы Қытай ту­риз­мінің жылы» ретінде мә­лімделген, соған орай еліміз Қытайдан турис­тердің үлкен ағынын күтеді.

Елдос Сенбай

Бөлісу:

Пікір жазу


*