Елдік сананы жаңғыртатын бағдарлама

356
0
Бөлісу:

Қызылорда қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылау мақсатында  облыстық мәслихаттағы  «Нұр Отан» партиясы депутатық фракциясының  кеңейтілген отырысы өтті.

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының мәжіліс залында өткен жиынға облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйым мүшелері, партия ардагерлері мен белсенділері қатысты.

Жиынның күн тәртібіне Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қойылып, жиылғандар тарапынан жан-жақты талқыланды.

–Қазіргі әлемнің даму бағытын алдын-ала болжауға болмайтын бұлыңғыр  кезеңде Мемлекет  басшысы жариялаған бұл мақаланың тарихи маңызы ерекше. Елбасы  бұған дейін алдағы экономикалық, саяси жаңғыруға арналған нақты бағыттарды өзінің Қазақстан халқына арнаған  Жолдауында айқындап беріп, енді осы мақала арқылы ұлтымыздың рухани болмысын түгендеп, тарихи тағылым арқылы болашаққа деген даму тетігін көрсетіп отыр. Бүгінде біз әлемдік өркениеттің ең озық дәстүрлерінен болмысымызға сай тұстарын игеріп, өзіміздің ерекше руханиятымызды дәріптейтін деңгейге көтерілдік, – деп атап өтті фракция отырысын ашқан облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясы жетекшісінің орынбасары Райкүл Байназарова.

–Бұрын техника, экономика бәрін шешеді деп ойлаушы едік. Қазір бәрі өзгеріп жатқан заманда, ұлттық  санаға ерекше мән берілуде. Егер халық өте білімді болса, ол кез-келген нәрсеге тез бейімделетін болады. Сондықтан, біздің санамыз  ісімізден бұрын жаңғырып отыруы тиіс, -деп атап өтті  жиын барысында сөз алған  «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Амангелді Арысбаев.

Елбасы мақаласындағы  ұлтты ұйыстыратын «Туған жер» бағдарламасы төңірегінде ой бөліскен облыстық мәслихат депутаты Жанкелді  Ысқаов, «Бұл нағыз патриоттық және рухани  тәрбиенің нышаны. Президент «жаңғырған қоғамның  өзінің рухани  коды болады»,- деді. Жаңғыртудың ең басты шарты – сол ұлттық кодты сақтай білу. Ол – Қазақстанның ұлан-ғайыр жерімен, аса бай рухани тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрлері» деп атап өтті.

Жиынды қортындылаған облыстық мәслихат депутаты, депутаттық фракция жетекшісінің орынбасары Райкүл Байназарова   «Стратегиялық құжатта қазақ елі қалай дамиды, қоғам қалай ілгерілейді» деген көп сауалға жауап бар екендігін айтып, жиылғандарды еліміздің қайта түлеуіне бағытталған бастамаларды жұмыла жүзеге асыруға шақырды.

Еркін ҚАЛДАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*