Корей павильоны келушілерді күтеді

262
0
Бөлісу:

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының nөрағасы Ахметжан Есімов және кореялық сауда мен инвестицияларға жәрдемдесу агенттігі призиденті Ким Джехон Көрме ұйымдастырушы кеңсесінде кездесті.

Ахметжан Есімов Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру және павильонын толтыруда Корея Республикасының белсендлігін атап өтті. Корей павильоны 1125 шаршыметр аумақты қамтиды және Израиль, Сингапур және Океания елдері жанында орналасқан.

–Кореямен жақсы қарым-қатынас орнатылған, олардың жақсы дәстүрі мен мәдениеті бізге таныс. Сондықтан көрмеде жаңғыртылатын энергия көздері саласындағы озық технологияларды көрсетеді деп кәміл сенеміз, – деді Ұлттық компания басқармасының төрағасы А. Есімов.

–Кездесу алдында ЭКСПО нысандарын және корей павильонын қарап шықтық. Корей павильонын безендіру жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде. Қазіргі кезде экспозициялардың 50 пайызы безендірілген және мамыр айында жұмысты аяқтауды жоспарлап отырмыз. Осы жылы екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнауының 25 жылдығы атап өтіледі және экспозициямыз Қазақстан мен Корея арасындағы тығыз достық қарым-қатынастарының белгісі болады,- деп Ким Джехон.

Корей павильоны 11 маусымда ашылады, шілденің 18-22 аралығында ең танымал әртістерінің қатысуымен мәдени іс-шара көрсетілетін корей апталығы өтеді.

Астана қаласында 10- маусым – 10 қыркүйек аралығында өтетін Халықаралық мамандандырылған көрмеге 5 млн адам келеді деген болжам бар.

Еркін ҚАЛДАН

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*