Қорға 600 мың теңге аударды

167
0
Бөлісу:

Мәдениет және спорт министрлігі және министрлікке бағынысты ұйымдардың қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету туралы үндеуге қосылды.

Мәдениет және спорт министрлігі #TaskynKomek Көмек жинау штабымен бірлесе отырып, Ақмола облысының зардап шеккен аудандарына 30 қап ұн мен 20 қап күріш жеткізді.

Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының «Мәдениет» бастауыш партия ұйымының мүшелері қаржы жинап, зардап шеккендер қорының есебіне 600 мың теңге аударды.

«Астана Опера» театрының ұжымы Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету қорына бір күндік жалақыларын аударды. Театрдың көптеген қызметкерлері «Жас Отан» жастар қанаты жанындағы Қоғамдық штабқа қиын жағдайда қалған адамдарға арналған тамақ өнімдері мен киім-кешек жолдау арқылы халық акциясына қолдау білдірді.

Еркін ҚАЛДАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*