Екіжақты пікір алмасты

412
0
Бөлісу:

 

«Нұр Отан» партиясы Тараз  қалалық филиалының ұйымдастыруымен   қалалық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелерінің қатысуымен «Фракция қызметінің тиімділігін арттыру» атты тақырыпта семинар өтті.

Жиында Елбасы, партия Төрағасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыруы» мақаласы және фракция қызметінің тиімділігін арттыру жолдары талқыланды.

Шараға Тараз қаласының әкімі Рүстем Дәулет, Тараз қалалық мәслихатындағы депутаттық фракциясының жетекшісі Арын Асқарбеков, партия активтері, қалалық дептутаттық фракция мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында қала әкімі Рүстем Дәулет мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласы еліміздің жаңа тарихи кезеңге көшетін құжат екенін атап өтті. Партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуы, фракция мүшелерінің сайлаушылармен кездесулері, бастауыш партия ұйымдарымен қарым-қатынасы туралы фракция мүшесі Жанар Орынбаева жан-жақты түсініктеме берді.

Фракция мүшелерінің өздері есепте тұратын бастауыш партия ұйымдарында есеп беруі мен азаматтарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдаулар өткізу туралы «Бәйтерек» бастауыш партия ұйымының төрағасы Мұрат Бердалиев айтып өтті.

Жастар саясаты мен партиялық жобаларға қатысуы туралы партия Тараз қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты бөлімшесінің басшысы Бақкелді Тұрсынбек өз ойымен бөлісті.

Жиында сөз алған Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Батырбек Құлекеев «Қазақстан Рес­пуб­ликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңында көрсетілген мәс­лихат депутаттарының өз өкілдіктерін жүзеге асы­ру кезіндегі құқық­тары, міндеттері мен жауап­кершілігі және депутаттық сауалдар жайында баяндап берді.

«Нұр Отан» пар­тиясы Тараз қалалық мәслихатындағы депутаттық фракциясының мүшесі Қайрат Жетібаев фрак­цияның негізгі функ­циялары мен құзыреті, оның қызметін ұйымдастыру және құры­лымдарымен өзара іс-қимыл тәртібі туралы атап өтті.

Семинар – кеңесті қо­ры­тындылаған «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арын Ілиясұлы: «Мәслихат депу­таттарының халық­пен атқарған жұмыстарын сайттарға шығаруымыз керек. Олардың істерін насихаттау арқылы біз партия­ның да беделін көтереміз. Алдағы 5 жыл ішінде жүктелген міндет­терді атқара отырып, бағдарламаларға ықпал жасаймыз», – деді.

Ерман ӘБДИЕВ,

Тараз қаласы

Бөлісу:

Пікір жазу


*