«TРЕНИНГ КАФЕ – БОЛАШАҚ» КӘСІПОРНЫ АШЫЛДЫ

602
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясының көмегімен Алматы қаласында мүмкіндігі шектеулі адамдардың еңбек етуіне арналған «Training кафе – Болашақ» арнайы кәсіпорын ашылды.

Партия Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қайым-Мұнар Табеев құттықтау сөзінде «Кедергісіз келешек»  партиялық жобасы аясында оңтүстік астанада мүгедектер үшін қолға алынған бірқатар нақты іс-шаралардың сәтті жүзеге асырылғанын атап өтті. Атап айтқанда, мүгедек балалардың дұрыс өмір сүруіне қолайлы жағдай туғызу және психологиялық-дәрігерлік-оқытушылық бағытта кабинеттік  жүйе ұйымдастыру ісі жүйелендірілді.

–Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін барлық салада, барлық нысанда кедергісіз аймақ жасалынуы қажет. Ең алдымен өмірге құштар осы жандардың еңбекке орналастырылуына қол ұшын береміз. Бүгін осындай мүмкіндіктің арқасында 20 жасөспірім жұмысқа орналасты, – деді Қ.Табеев.

«Психоаналитикалық  ассоциация» қоғамдық бірлестігінің  жетекшісі Анна Құдиярованың айтуы бойынша, қазіргі уақытта Алматы қаласында 4000-нан аса еңбекке жарамды мүгедектер бар, соның 23% жұмыс істейді екен.

         –Біз өткен жылдың соңында «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының Қоғамдық қабылдауына өтініш жасағанбыз, сонда филиал төрағасы, қала әкімі Бауыржан Байбек тиісті мекемелерге көмектесу туралы тапсырма берген еді. «Training кафе – Болашақ» жобасының мақсаты – ақыл-еіснде кемістігі бар балалар мен қыздардың қоғамдағы өз орындарын табуына көмектесу болатын. Міне, бүгін сол арманымыз орындалды. Қала әкіміне және көмектескен басқа да жандарға ризашылығымыз шексіз, – деді А.Құдиярова.

Іс-шара барысында арнаулы мектептердің оқытушылары мен мамандары көпшілік жұрт біле бермейтін балалардың мәселелерін ортаға салды.

– Ең бастысы, мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға пайда әкеле алатындығына олардың өздерін де, өзгені де сендіре білген жөн. Сонда ғана кішкентай мүгедек балалардың бойындағы өмірге құштарлықты оята аламыз, – дейді 2 арнаулы қызмет көрсету орталығының директоры Светлана  Нұрбаева.

 

Қайыржан ТӨРЕЖАН

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*