Құқықтық тәртіп қамтамасыз етіледі

145
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады.

Қазақстан Президентіне Ішкі істер министрі қылмыс­тық ахуал және жергілікті полиция қыз­метін одан әрі реформалау аясын­да қабыл­данып жатқан шаралар жө­нінде баяндады. Сондай-ақ түзету мекемелерінің жағдайы мен Ұлттық Ұланның жұмысы туралы мәлімдеді.
Бұдан бөлек, Қ.Қасымов су тасқынына байланысты ахуал және Астана мен рес­публика облыс­тарында тө­тенше жағ­дай­­дың алдын алу бағытында атқа­рылып жатқан іс-шаралар жайлы хабардар етті.
Нұрсұлтан Назарбаев елдегі қылмыспен күресті күшейту және құқықтық тәртіпті қамта­масыз ету үшін шаралар қабыл­дау қажеттігіне назар аударды.
Сондай-ақ Елбасы су тас­қынынан зардап шеккен бар­лық өңірлердің жағдайы мен тір­ші­лігін қалпына келтіру үшін ке­шенді іс-қимылдарды жүзеге асыруды тапсырды.
Кездесу қорытындысы бойын­­­­ша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*