Инвестициялық ахуал жақсарады

81
0
Бөлісу:

Үкімет үйінде Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Ernst & Young халықаралық консалтингтік компанияның өкілдерімен инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері жөнінде кездесу өткізді. Жүздесу барысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласындағы заңнамаларды жетілдіру, сондай-ақ ірі шетелдік инвесторларды тарта отырып, МЖӘ тетіктері арқылы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Ernst & Young – іргесі 1989 жылы қалан­ған ірі британдық аудиторлық-консалтингтік компаниялардың бірі. Ол билік институттары, халық, капитал, инфрақұрылым, макроэко­номика секілді инвестициялық өсімнің бес құраушысы­ның барлығы бойынша кеңес беруден мол тәжірибеге ие. Бұл тәжірибе Қазақстанның да қажетіне жарары сөзсіз.
Осы күні Үкімет басшысы Экономика мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында экономикалық өсімді қамтамасыз ету мәселелері, сонымен қатар сарапшы­лардың мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару жүйелерін жетілдіру бойынша айтқан ұсыныстары талқыланды.
Талқылауға Oil Gas Project ЖШС директоры Ж.Ахметов, «Сентранс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы
Е.Әбдіразақов, «Ракурс» экономикалық талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры О.Жандосов, «Стратегиялық бастамалар орталығының» аға серіктесі О.Құдайбергенов, «Астана» халықаралық ғылыми кешені» орталығының басшысы А.Боранбаев, сондай-ақ «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің басқарма төрағасы Ерболат Досаев, «Халық банкі­нің» басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова, «Қазақстан» телерадио кешенінің басқар­ма төрағасы Ерлан Қарин, «Қазақ мұнай және газ институты» бас директорының кеңесшісі Жақсыбек Құлекеев қатысты.
Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр Б.Сағынтаев уәкілетті мем­лекеттік органдарға еліміздің заңна­масына тиісті түзетулерді енгізу үшін сарапшылардың ұсыныстарын зерттеп, танысуды тапсырды.
Елдос СЕНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*