«Нұр Отан» партиясының аймақтық және аумақтық филиалдарының аппараттарындағы бос лауазымдарға орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

285
0
Бөлісу:
Нұр Отан логотип

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын біліктілік талаптар:
партияның облыстық (аймақтық) филиалының юрисконсульты лауазымы үшін:
«Құқық» (құқықтану) мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім. Мамандығы бойынша мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың заң қызметтерінде қызмет өтілі кемінде – 2 жыл.
Дербес компьютермен және Word, Excel, Internet компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істей білуі;
партияның облыстық (аймақтық) филиалының бас бухгалтері лауазымы үшін:
«Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (есеп және аудит, қаржы)» мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім. Бухгалтерлік есеп саласы бойынша қосымша даярлығының болуы, «1С Бухгалтерия, 8.2» бағдарламасы бойынша даярлықтан өткені туралы сертификаттың болуы. Магистр дәрежесінің болғаны жөн. Бухгалтерлік есепке алу және қаржы саласында және/немесе бақылау-ревизия органдарында мамандығы бойынша қызмет өтілі кемінде – 3 жыл, соның ішінде басқарушы лауазымдарда кемінде – 1 жыл. Дербес компьютермен және Word, Excel, Internet компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істей білуі;
партияның облыстық (аймақтық) филиалы бас бухгалтерінің көмекшісі лауазымы үшін:
«Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (есеп және аудит, қаржы)» мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім. Бухгалтерлік есеп саласы бойынша қосымша даярлығының болуы, «1С Бухгалтерия, 8.2» бағдарламасы бойынша даярлықтан өткені туралы сертификаттың болуы. Магистр дәрежесінің болғаны жөн. Бухгалтерлік есепке алу және қаржы саласында және/немесе бақылау-ревизия органдарында мамандығы бойынша қызмет өтілі кемінде – 2 жыл. Дербес компьютермен және Word, Excel, Internet компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істей білуі;
партияның облыстық (аймақтық) филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесі сарапшысының лауазымы үшін:
«Білім беру», «гуманитарлық ғылымдар», «құқық (құқықтану)», «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, психология, саясаттану)», «жаратылыстану ғылымдары», «қызмет көрсетулер» мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім. Мемлекеттік қызмет көрсету және халықпен жұмыс істеу саласында мамандығы бойынша қызмет өтілі – 1 жыл. Дербес компьютермен және Word, Excel, Internet компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істей білуі;
партияның аудандық (аумақтық) филиалы есепке алу және статистика секторының меңгерушісі лауазымы үшін:
«Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, маркетинг, статистика), «құқық (құқықтану), «білім беру», «жаратылыстану ғылымдары», «техникалық ғылымдар мен технологиялар» мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім. Мемлекеттің ішкі саясатын жоспарлау және мониторингтеу, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси даму саласында мамандығы бойынша қызмет өтілі кемінде – 2 жыл. Ақпаратты талдау және басқару дағдылары. Дербес компьютермен және Word, Excel, Internet компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істей білуі;
партия аудандық (аумақтық) филиалының консультанты лауазымы үшін:
«Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, аймақтану, жұртшылықпен байланыс, мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика), «жаратылыстану ғылым­дары», «гуманитарлық ғылымдар», «техникалық ғылымдар мен технологиялар», «білім беру», «құқық (құқықтану)» мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім. Мемле­кет­тің ішкі саясатын жоспарлау және мониторингтеу, әлеуметтік-эко­но­микалық және қоғамдық-саяси даму саласында мамандығы бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілінің болғаны жөн. Дербес компьютермен және Word, Excel, Internet компьютерлік бағдар­ламалармен жұмыс істей білуі;
партия аудандық (аумақтық) филиалының сарапшысы лауазы­мы үшін:
«Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика), «жаратылыстану ғылымдары», «гуманитарлық ғылымдар», «техникалық ғылымдар мен технологиялар», «білім беру» мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім. «Жастар кадрлық резерві» жобасына қатысушының сертификаты, «Жас Отан» ЖҚ аймақтық филиалы атқарушы хатшысының жазбаша ұсынысының болғаны жөн. Дербес компьютермен және Word, Excel, Internet компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істей білуі.

1. Ақмола облыстық партия филиалы, 020000, Көкшетау қаласы, Әуелбеков көш., 117-үй, тел.: 8(7162) 722-458, электрондық мекенжайы: akmola@nurotan.kz, келесі бос лауазымдық орындар бойынша конкурс жариялайды:
1) Бұланды аудандық партия филиалының консультанты
(1 бірлік);
2) Егіндікөл аудандық партия филиалының консультанты
(1 бірлік).
2. Алматы облыстық партия филиалы, 000004, Алматы облысы, Талдықорған қ., Жансүгіров к., 13 А үй, тел.: 8 (7282) 305-494, 305-590, электрондық мекенжайы: almaty.oblast@nurotan.kz, келесі бос лауазымдық орындар бойынша конкурс жариялайды:
1) партия облыстық филиалының юрисконсульты (1 бірлік);
2) партия облыстық филиалы бас бухгалтерінің көмекшісі
(1 бірлік);
3) Жамбыл аудандық партия филиалының консультанты
(1 бірлік).
3. Жамбыл облыстық партия филиалы, 080000, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Достык алаңы, 1-үй, тел.: 8 (7262) 435-492, электрондық мекенжайы: zhambyl@nurotan.kz, келесі бос лауазымдық орын бойынша конкурс жариялайды:
Қордай аудандық партия филиалының консультанты (1 бірлік, қайта).
4. Қарағанды облыстық партия филиалы, 100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Әлиханов к., 4-үй, тел.: 8 (7212) 400-851, электрондық мекенжайы: karaganda@nurotan.kz, келесі бос лауазымдық орындар бойынша конкурс жариялайды:
1) партия облыстық филиалының бас бухгалтері (1 бірлік);
2) Қаражал қалалық партия филиалының консультанты (1 бірлік);
3) Саран қалалық партия филиалының консультанты
(1 бірлік);
4) Жезқазған қалалық партия филиалының сарапшысы
(1 бірлік).
5. Қостанай облыстық партия филиалы, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қ., Гоголь к., 111-үй, тел.: 8 (7142) 391-743, электрондық мекенжайы: kostanay@nurotan.kz, келесі бос лауазымдық орындар бойынша конкурс жариялайды:
1) Арқалық қалалық партия филиалының консультанты
(1 бірлік);
2) Науырзым аудандық партия филиалының консультанты
(1 бірлік).
6. Қызылорда облыстық партия филиалы, 120014, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Жақаев к., тел.: 8 (7242) 270-045, электрондық мекенжайы: kyzylorda@nurotan.kz, келесі бос лауазымдық орын бойынша конкурс жариялайды:
Теміржол партия филиалының консультанты (1 бірлік).
7. Маңғыстау облыстық партия филиалы, 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 ш.а, 1А ғимараты, тел.: 8 (7292) 429-748, электрондық мекенжайы: mangistau@nurotan.kz, келесі бос лауазымдық орын бойынша конкурс жариялайды:
партия облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің сарапшысы
(1 бірлік).
8. Солтүстік Қазақстан облыстық партия филиалы, 150000, Петропавл қаласы, Абай көш., 15 үй, тел. (8 7152) 36-92-34, электрондық мекенжайы: sko@nurotan.kz, келесі бос лауазымдық орын бойынша конкурс жариялайды:
Шал ақын ауданы партия филиалы есепке алу және статистика секторының меңгерушісі (1 бірлік).
9. Алматы қалалық партия филиалы, 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 79, тел. (8 727) 279-37-86, электрондық мекенжайы: almaty@nurotan.kz, келесі бос лауазымдық орын бойынша конкурс жариялайды:
Алматы қалалық партия филиалының бас бухгалтері (1 бірлік).
10. Астана қалалық партия филиалы, 010000, Астана қ., Тәуелсіздік к., 3-үй, тел.: 8 (7172) 364-619, электрондық мекен-жайы: astana@nurotan.кz, келесі бос лауазымдық орын бойынша конкурс жариялайды:
Астана қалалық партия филиалы бас бухгалтерінің көмекшісі
(1 бірлік).

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Нұр Отан» партиясының Жарғысын, Доктринасын, Сайлауалды бағдарламасын, «Нұр Отан» партиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтау бойынша тестілеу партияның Орталық аппаратындағы лауазымдарға кандидаттар үшін Орталық аппарат ғимаратында, партияның аймақтық және аумақтық филиал­дарындағы лауазымдарға кандидаттар үшін облыстық (аймақтық) филиалдар ғимараттарында өтеді.
Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар: (белгіленген нысандағы өтініші, жеке куәлік көшірмесі, нотариалды немесе жұмыс орны бойынша кадрлық қызмет бекіткен білім туралы құжаттарының көшірмелері, нотариалды немесе жұмыс орны бойынша кадрлық қызмет, не заңнамада белгіленген тәртіпте бекітілген еңбек қызметін растайтын құжаттарының көшірмесі, кандидаттың қызмет ету жолының бекітілген нысандағы тізімі) 2017 жылғы 26 сәуір мен 3 мамыр аралығында ұсынылуы тиіс.
Байқау комиссиясының қарауына азаматтар құжаттарды қабылдау бойынша хабарландыруда көрсетілген мерзімінде қолма-қол тапсырған, почта арқылы немесе электрондық почта мекенжайына электрондық түрде жолдаған құжаттар қабылданады.
Сұхбаттасуға жіберілген кандидаттар, тестілеу өткізілген күннен кейін үш жұмыс күн ішінде сұхбаттасудан (Партияның орталық аппаратындағы лауазымдарға – Орталық аппарат ғима­ра­тын­да, партияның аймақтық және аумақтық филиалдарын­дағы ла­уазымдарға – партияның облыстық (аймақтық) филиалдарының ғимараттарында) өтеді.
Тестілеу және сұхбаттасу өткізу күні мен уақыты туралы ақпарат партияның http://nurotan.kz/ веб-сайтында жарияланатын болады.
«Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының және аймақ­тық, аумақтық филиалдары аппараттарының бос лауазымдарына кандидаттарды конкурстық
іріктеу ережесі партияның http://nurotan.kz/ веб-сайтында жарияланған.
Іріктеу байқауына қатысқан тұлғалардың шығындары (көлікпен жол жүру, тұрғын және т.б.) өтелмейді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*