Джаз әлеміне саяхат

123
0
Бөлісу:

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында SILK MUSIK FEST фестивалі аясында ресейлік белгілі трубашы Сергей Пронь мен тромбон аспабының шебері Виталий Владимировтың концерті өтті.  Мерекелік шараға отандық биг-бенд және джаз музыканттары қатысты. 
SILK MUSIK FEST халықаралық фестивалі Алматыда екі жылдан бері өткізіліп келеді. Осыған дейін жоба аясында 20-дан астам мәдени-ағартушылық концерт ұйымдастырылған. Бағдарлама қазақстан­дық және шетелдік музыканттардың бір­лесіп жұмыс істеуіне бірден-бір мүмкіндік туғызады әрі мәдени қарым-қатынастың дами түсуіне ықпал етпек. Қазіргі таңда бұл фестивальге қазақстандықтардың да қызығушылығы арта түсіпті.
– 2015 жылы қолға алынған фестиваль­дің алғашқы қонағы Сергей Пронь болған еді. Сол уақытта ол өз квартетімен бірге келіп, авторлық туындыларын орындаған. Бұл жолы біз репертуарға ерекшелік енгізіп, тың­дармандарға екатеринбургтық ав­тор­лық джаз музыкасын Алматы биг-бендінің орындауында ұсындық. Бұл музыканттар әлемдік деңгейдегі джазды керемет мең­геруімен ерекшеленеді. Сондай-ақ Сергей – Екатеринбургтегі халықаралық ProJazz фестивалінің негізін қалаушы. Виталий Владимиров те – мақтауға тұрарлық тром­боншы әрі ол басқа да аспаптардың білгірі. Ес­теріңізге сала кетсек, Дживан Гас­парян, Петр Востоков және басқа үздік орындау­шы­лар Мәс­кеуден, Нью-Йорктен, Бос­тон­нан, Ереваннан, Екатеринбургтен келіп, өнер көрсеткен болатын. Алдағы уа­қыт­та да келетін қонақтар бар. Мұндағы бас­ты ерекшелік әрбір концерт қазақстан­дық музыканттардың қатысуымен өтеді. Өнер майталмандарының қолдауымен Ас­тана, Қарағанды қалаларына да барып кел­дік, ‒ дейді SILK MUSIK FEST халықара­лық фестивалінің жетекшісі Ирэна Аравина.
Джаз еуропалық және африкалық музы­каның үндесуінен пайда болған музы­ка өнерінің бір түрі. Осы формада өткен кон­церт­те тыңдармандар джаз әлеміне сая­хат жа­сап, заманауи шығар­малармен де танысты.
– Мұндай фестивальдердің музы­канттарға өзін және басқа елдер арасында өз республикасын танытуына септігі мол. Қазақстанда дарынды музыканттар бар. Қазақстанда 25 жыл бұрын болғанмын, оған дейін де гастрольмен келіп жүретінмін. Қазақстандық оркестрдің де кәсіби деңгейі жоғары, музыканы да тез үйренеді, – дейді Виталий Владимиров.

 

Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*