ҰҚК Қазақстанның екі облысында арнайы операция жүргізді: 11 адам ұсталды

317
0
Бөлісу:
© Владимир Дмитриев
Фото: Владимир Дмитриев

2017 жылғы 20 сәуірде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында Ішкі істер органдарын тарта отырып арнайы операциялар жүргізді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы ҰҚК Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстанда тыйым салынған «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымын қолдауға шақырғаны және оларға қатысты материалдарды таратқаны үшін 4 радикалды топтың іс-әрекеті бейтараптандырылды», – делінген ҰҚК хабарламасында.

Сондай-ақ, терроризмді насихаттау және діни алауыздық тудыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары шеңберінде 11 адам ұсталғаны хабарланып отыр. Олардың тұрғылықты жерлері бойынша тінту, куәлардан жауап алу және басқа да тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*