Чемпиондар сарбаздармен жүздесті

180
0
Бөлісу:

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрілігіне қарасты Армияшылардың Орталық спорт клубы (ӘОСК) өз қатарындағы спортшыларды кең байтақ еліміздің әр қиырында орналасқан гарнизондарға апаруды жақсы бір дәстүрге айналдырды.

Таяуда сондай бір игі шара Шымкентте ұйымдастырылды. Аталмыш шаһарда орналасқан №35748 әскери бөлімшеге әйгілі спортшылар Ольга Рыпакова пен Денис Уланов ат басын бұрды. Бұл есімдер жанкүйерлерге жақсы таныс. Рыпакова үш қарғып секіру жаттығуы бойынша үш бірдей Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырына көтерілген әйгілі жеңіл атлет. 2012 жылы ол Лондонда алтыннан алқа тағынса, 2008 жылы Бейжің және 2016 жылы Рио де Жанейрода қола медальді қоржынға салды. Әлем чемпионатында екі рет жүлдегерлер қатарынан көрініп, Азия ойындарында үш рет бас жүлдені олжалады. Ауыр атлетиканың хас шебері Уланов Рио Олимпиадасында қолаға қол созса, Ташкентте Азия чемпионы атанды.

Ольга Рыпакова және Денис Уланов Шымкенттегі гарнизонда Отан алдындағы азаматтық борыштарын өтеп жүрген жауынгерлермен, сардарлардың балаларымен және республикалық «Жас Ұлан» мектебінің тәрбиеленушілерімен кездесті. Көпшілікті толғандырған сауалдарға жауап берген әйгілі спортшылар кездесу соңында әскери бөлімшенің аллеясында тал екті.

 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*