Бакуге баратындар белгілі

185
0
Бөлісу:

9-19 мамыр аралығында Әзірбайжанның бас шаһары – Бакуде Ислам ынтымақтастығы ойындары өтеді. Сол байрақты бәсекеде Қазақстанның боксшылары қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды. 

Қап тауы бөктерінде жалауы желбірейтін жарыста 7 жерлесіміз шаршы алаңға шығады. Олар  – Азат Махметов (52 келі), Нұрбол Қалжанов (56 келі), Сұлтан Зәуірбек (60 келі), Қуан Қуатов (64 келі), Илья Очкин (69 келі), Тұрсынбай Құлахмет (75 келі) және Нұрлан Сапарбай (+91 келі). Бұл жігіттердің барлығы да елшілік жарыстарда жеңіс тұғырына көтеріліп, халықаралық аренада да біраз тәжірибе жинақтаған сақа спортшылар. Сол себепті де Ислам ынтымақтастығы ойындарында бақ сынайтын былғары қолғап шеберлерінің барлығы да жүлдегер қатарынан көріну үшін барын салады деп үміттенеміз.    

 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*