Жаһандық бәсекеге қабілетті – Қазақстан

564
0
Бөлісу:

Жылдар жылжыған сайын мемлекеттің әлеуеті  шикізат ресурстарынан гөрі ғылым мен білімге тәуелділігі айқындала бастады.

Ел мен елдің, халық пен ұлттың жарқын болашағын ізгілікке негізделген ғылыми техникалық игілікпен байланыстыруы да заңды. Себебі, бұл – жаһандану кезеңінің жасампаз қажеттілігі.  Әл-Фараби айтқандай, «білімге бас ұрған қайырымды қала тұрғындарының келешегі кемелді» болатындығын аңғартса керек.  Саналы тәрбие мен сапалы білімді шамшырақ қылған білімнің қара шаңырағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ -де дамыған елдердің озық білім ордаларымен иық тіресіп, ғылым  жолында көш бастап келеді. Бұл – шындық.  Оның айқын дәлелі – университеттің ғылыми-технологиялық паркі.  Бүгінгі жас маман болғанымен, ертеңгі зиялы қауым қатарын қалыптастыруды көздейтін орталық аз уақыт ішінде елеулі табыстарға қол жеткізіп үлгерді.  Жас ғалымдардың ғылыми зерттеу еңбектері мен тәжірибелік ізденістері  іс жүзінде жүзеге асып, қазақ ғылымының дамуына келелі үлес қосып жатқанын бүгінде ешкім жоққа шығара алмас. Нақтырақ айтсақ, Қазақ ұлттық университетінің IV Студенттер және жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы – ғылыми-өндірістік жобаларды жүзеге асыратын теңдессіз жиын. Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми-ізденіс пен оқу-танымдық іс-әрекетін ынталандыру, қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, сонымен қатар шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында IV Студенттер және жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференцияға студенттер мен жас ғалымдар белсенді қатысты, әсіресе оның ішінде Экономика және Бизнес жоғары мектебінің “Экономика” мамандығының 2-курс магистранты Еркін Назарбай өзінің «Орталық Азия мемлекеттерінің трансформациялау моделі мен қазіргі даму деңгейі» атты еңбек жұмысының өзектілігі бойынша ерекшеленді.

Жаһандық экономикалық интеграция процесінің жеделдетуімен байланысты әр мемлекеттің халықаралық нарықтық бәсекелестік ортадағы жаңа мүмкіндіктер мен қиындықтар және мәселелер күн сайын артуда. Соған байланысты Орталық Азия мемлекеттері өз экономикасын тұрақты және қарқынды дамыту мақсатында бірқатар аймақтық ынтымақтастық механизмдер құру арқылы аймақтағы ішкі мәселелер мен қиындықтарды шешіп, мемлекеттік стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруда. Конференция барысында магистрант өзінің мамандығының ғылыми зерттеу әдістері мен заңдылықтары мен талаптарына сәйкес бірқатар маңызды зерттеулер жүргізіп, қазіргі жаһандық мәселелерді қарастыра отырып, аталмыш тақырып аясында мәселелерді шешу мен жаңа моделдерді жүзеге асырудың ең тиімді әдістерін ұсынды.

Магистрант конференция өткізу барысында білікті мамандармен сұхбаттаса отырып, айтулы мәртебелі шараның әлеуметтік және экономикалық мәселелерді  тиімді шешудің негізгі бастауы  екеніне көз жеткізді.

Еркін Назарбай, «Экономика» мамандығының 2-курс магистранты, Экономика және Бизнес жоғары мектебі,

С. Кондыбаева, «Экономика» кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары

Бөлісу:

Пікір жазу


*