Ән-күй керуені

827
0
Бөлісу:

Бүгін Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының оқытушылары мен студенттерінің «Ән-күй керуені» атты есеп беру концерті өтті.
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының концерттік залында жүзеге асқан шара барысында Мәдениет қайраткері Нұржан Жанпейісовтың құрастыруымен жарық көрген Қазақстанның халық артисі Дәнеш Рақышевтың әндері топтастырылған «Саясында алманың», сондай-ақ халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Шолпан Дәржанованың жинақтауымен жұртшылыққа жеткен Жетісу өңірі халық композиторлардың «Алатау әуендері» антологиясының тұсаукесер рәсімі болды. Жоғары оқу орынның басшысы Бибігүл Нүсіпжанова, Халық ағарту ісінің үздігі, Мәдениет қайраткері Төрткен Кененқызы жаңа кітаптың қазақ мәдениеті мен өнеріне қосылған құнды қазына екенін атап өтіп, музыкалық оқу орындары үшін тигізер пайдасына тоқталды.
Дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасының меңгерушісі, доцент Рамазан Стамғазиев Жетісу мұрасын зерттеп, зерделеу алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.
Салтанатты рәсім соңы Дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасының оқытушылары мен студенттердің есептік концертіне ұласып, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Рамазан Стамғазиев, Мәдениет қайраткерлері Талғат Мұқышев, Нұржан Жанпейісов, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Бағлан Бәбіжан, Шолпан Даржанова, Мақсат Медеубек, Сырым Нұрмолдин, Ақалтын Бекболатова, Нартай Бекмолдин өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ жиналған көпшілік жетігеншілер, сыбызғышылар ансамблі, профессор Қайырғазы Төлен жетекшілік ететін «Алатау» этнографиялық ансамблінің орындауында халық ән-күйлерін тамашалады.
Толығырақ «Айқын» газетінің алдағы санынан оқитын боласыздар.

 

 

 

 

Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ

видео – автор

Бөлісу:

Пікір жазу


*