Жас түлек, ҚазҰУ-ға оқуға кел!

101
0
Бөлісу:

Білім мен ғылым саласында 80 жылдан аса тарихы бар және ғылыми жұмыстарда тәжірибесі мол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – еліміздегі көшбасшы білім ордасы.

Қазақстандағы жоғары бі­лім беру жүйесі өзгеріп, жаңа сипатқа ие болған шақта, отандық білім мен ғылымның қара шаңырағы аталған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Елба­сы­ның саясаты арқасында, білім саласында көптеген реформалар жүзеге асырылып, тың идеяларға дем беріп, жаңаша бетбұрыс жолына түсті.
Елбасы Н.Назарбаев алға тартып отырған инновациялық дамудағы басты мақсат – Қазақстанның өз базасын жасау, ең алдымен инноваторларды, жаңа буынның технократтарын дайындау маңызды міндеттерін жүзеге асыру инновациялық экономика құру – ел келеше­гінің дамуындағы ең басты бағыт­тардың және міндетті шарт­­тардың бірі. Соңғы жылдары инновациялық саясатты қа­лып­­тастыруға деген ұмтылыс маңызды мәселеге айналды. Осы тұста инновациялық менед­ж­мент саласында білікті маман­дарды даярлауға зор көңіл бөлінуде.
Университетіміздің «Ме­недж­мент және маркетинг» ка­федрасы жыл сайын ме­недж­­мент және маркетинг, ин­­новациялық менеджент, ло­гис­тика, мемлекеттік және жер­­гілікті басқару саласында жоғары білікті мамандар мен жетекшілер дайындап шығаруда.
Кафедра өзінің әрбір бітіру­ші­сімен мақтанады. Біздің түлектер ғылым жолында да үлкен жетістіктерге жетті, докторлық және канди­дат­тық диссертацияларды сәт­ті қорғады, ал қазір мем­­леке­ті­міздің ұлттық компания­ларында, ЖОО-да және зерттеу институттарында жауапты лауа­зымдарға ие.
Біздің түлектеріміздің көп­ші­лігі Қазақстан қоғамының элитасын құрастырады және елі­­міздің даму бағытының қалыптасуына ат салысады. Бұл біздің университет жұмысының маңызды нәтижесі, біз оны мақ­тан етеміз және болашаққа деген сеніммен қараймыз.
Гүлмира ҒАЛЫМҚЫЗЫ,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранты

Бөлісу:

Пікір жазу


*