Баламалы энергия түрлері енгізіледі

189
0
Бөлісу:
Нұр Отан логотип

Маңғыстау облысының әкімдігінде «Нұр Отан» партиясы сайлауалды бағдарламасының «Жоғары технологияларды дамыту» бағыты бойынша республикалық комиссияның көшпелі отырысы өтті.

Отырысқа Парламент Мәжі­лісінің депутаттары – «Жоғары тех­нологияларды дамыту» ко­мис­сиясының төрағасы Бақыт­жан Әбдірайым, комиссия мүшесі Тарас Хитуов және үй­лестіруші Мақсұт Доспаев, «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыс­тық филиалындағы ай­мақтық сараптама комиссиясы­ның мүшелері, баламалы энергия түрлерін жобалаумен және ен­гізумен айналысатын ұйымдар­дың өкілдері қатысты.
Жиында облыс әкімінің орын­­басары Рахымбек Әмір­жановтың аймақта баламалы және жаңартылатын энергияны дамыту туралы баяндамасы тыңдалды.
Облыс әкімінің орынбасары Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылындағы жел энергиясы және Мұнайлы ауданы Батыр ауылын­дағы күн энергиясы электр стан­салары жобаларын жүзеге асыру барысы туралы баяндады.
– Ақшұқыр ауылындағы қуа­ты 5 МВт жел электр станса­сы­ның құрылысымен «БЕСТ – ГРУПП НС» ЖШС айналысады. Әкімдік Ақшұқырдағы станса­сының құрылысына 15 гектар жер телімін берді. Стансаның техника-экономикалық негіз­демесі, құрылыстың жобалық-сметалық құжаттамалары жаса­лып, мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы алынды, – деді Рахымбек Әмір­жанов.
Сонымен бірге, Мұнайлы ау­даны Батыр ауылындағы «БЕСТ – ГРУПП НС» ЖШС мен Group Independent ЖШС салынып жатқан қуаты 7 МВт күн электр стансасының құрылысы туралы да ақпарат берді.
«Жоғары технологияларды дамыту» комиссиясының төраға­сы Бақытжан Әбдірайым инно­вацияларды дамыту арқылы жаңа технологиялық үдерістер көшіне ілесетіндігімізді атап өтті. Бола­шақта Маңғыстау облысында Елбасы Жолдауының бірінші басымдығына сәйкес баламалы энергия көздерін пайдалануды дамыту жұмыстары жалғасатын болады.

Бөлісу:

Пікір жазу


*