Мүдде биігіндегі бағдар

426
0
Бөлісу:

 

«Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық филиалы партия активі жиналысында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы талқыланды.
Басқосуға партияның Жам­был облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Кәрім Кө­кірекбаев, Тараз қаласының әкімі Рүстем Дәулет қатысты. Жиынды «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төраға­­­сы Кәрім Көкірекбаев ашып, жүр­гізіп отырды.
Аймақ басшысы өз сөзінде Елбасының тарихи мақаласы жарық көрген күннен бастап ел тарапынан қызу қолдауға ие болып отырғанын және «Нұр Отан» партиясының Тараз қала­лық және аудандық филиал­дарының партия активтері жи­налыстарында кеңінен талқы­ланғанын атап өтті.
– Елбасының өрнекті ойла­рынан жастарымыздың ұлттық дәстүріміз бен рухани құнды­лықтарымызға кері қарамай, оған деген адалдық көрсету қа­жеттігін терең сезінулері тиіс. Өйткені халқымыздың рухани құн­дылықтары бізге Ұлы да­ланың тұтастығын сақтау мақ­сатында, ат үстінен түспеген ұлы бабалардан жеткен бағасы жоқ байлық. Бұл тұрғыда Н.Назарбаев азаматтық қоғам өкілдеріне, оның ішінде жастарымызға өт­кен тарихымызды мұқият жадын­да сақтауға және оның болаша­ғына ерекше қарауға үндеп отыр­ған пікірін анық көруге болады. Себебі, ұлтымыздың «тар жол, тайғақ кешу» тарихын білмей, оны құрметтемей, оған тағзым етпей, алға қарай жүру мүмкін емес, – деген Кәрім Нәс­бекұлы аталған мақалада егемен елімізде қоғамдық сананы жаң­ғыртудың негізгі қағидаларын қалыптас­тыруды ғана емес, соны­мен бірге, заман сынағына лайықты төтеп беруге қажетті, нақты жобаларды жүзеге асыру мақсаты айтылға­нын мәлім етті.
Бұдан соң мінберге шыққан «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросы­ның мүшесі, Жамбыл аудандық мәслихатының хатшысы Рүстем Бегалиев мазмұны терең мақала Ұлы даласын ұлықтаған атаме­кенін құт санайтын әрі қандас­та­рымыз үшін стратегиялық маңыз­дағы бағдарламалық құжат болып ерекшеленетіндігін атап өтті.
Партияның Жуалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Анар Ахметова ма­қала еліміздегі 25 жылда атқарыл­ған экономикалық және қоғам­дық-саяси жүйесін қайта жаң­ғыртудан кейінгі ұлан-ғайыр істерді қолға алуға бағытталған ру­хани жаңғырудың Елбасы идеясына толы пісіп-жетілген бағдарламалық құжатына айна­лып отырғандығын алға тартты.
Басқосуды қорытындылаған партия төрағасы Кәрім Көкі­рекбаев Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» мақаласын жұртшылық өкілдері, оның ішінде жастар ара­сында кеңінен насихаттау жұ­мыстарын «Нұр Отан» пар­тиясының облыстық, қалалық және аудандық филиалдары мен бастауыш партия ұйымдары одан әрі қарай белсенді түрде жүргізе беретіндігін баса айтып, келе­шекте мақалада көрсетілген нақты жұмыстарды іске асыруға үлес қосу мақсаты тұрғанын жет­кізді.

 

Ерман ӘБДИЕВ
Жамбыл облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*