Зардап шеккендерге көмек көрсетілді

155
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының қызмет­керлері облыстық әкімдіктің, мәслихат депутаттарының, аймақтағы ірі жауапкер­шілігі шектеулі серіктестік­тердің және партияның Саяси кеңес мүшелерінің қолдауымен өңірдің Қарасу ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмек көрсетті.
Қиын кезде өзгелерге қол ұшын беру – қашан да азамат­тық парыз. Олар аталған аудан­ның Қарамырза елдіме­кенінде болып, ондағы тұрғындардың жағдайымен танысты. Тұрғын­дарға қолдау көрсетушілер күн­нен-күнге арта түсуде.
– «Нұр Отан» партиясы Қос­­танай облыстық филиалы­ның қызметкерлері Қарамырза ауылына келіп, ондағы жағ­дайдың барысын өз көздерімен көрді. Бұл гуманитарлық көмек облыстық филиалдың төраға­сы, өңір басшысы Архимед Мұ­хамбетовтың тікелей ұйыт­қы бо­луымен қолға алынды. Небәрі 12 сағаттың ішінде «Нұр Отан» партиясына 4,5 мың тоннадан астам азық-түлік пен қажетті зат­тар жиналды. Бәрі де Қара­мырза ауылының тұр­ғын­дары­на таратылып берілді, – дейді облыстық филиалдың Саяси жұмыстар бөлімінің мең­герушісі О.Дүйсеков.
Сапар барысында жергілікті су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесулер өткі­зіліп, олардың пікірлеріне назар аударылды. Жұрттың сөздеріне қарағанда, мұнда су тасқыны 15 сәуір күні кешке басталған. Тиіс­ті орындар дер кезінде көңіл бөліп, тұрғындар мектеп­ке, балабақшаға көші­ріл­ді. Сонымен, көмекке мұқ­таж жандар, кішкентай бала­лары бар аналар, зейнеткерлер және мүгедектер жергілікті мек­тепке орналастырылды. Мәселен, осындағы су басқан үйдің иесі Шынар Бекқұли­наның сөзіне сүйенсек, жергі­лікті атқарушы органдар ха­лықтың жанынан табылып, оларға қолдан келген көмектің бәрін жасады.
Облыс орталығынан ар­найы келіп, қол ұшын берген­дер де жеткілікті. Кейбір дереккөз­дерге қарағанда, Қарасу ауда­нын­да су тасқынынан көп зар­дап шеккені – Қарамырза елдіме­кені. Ауыл­дағы 212 үйдің 180-іне су кіріп, тұрғындары жапа шекті. Жер­гілікті азамат­тар табиғат апа­тын түсініп, ең­сесі түс­педі. Өйткені «Жұмыла көтер­­ген жүк жеңіл» демекші, өңір­дегі ағайындардың қол­дауын ай­қын сезініп жатыр.
«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалындағы аза­маттар басқа да көмекке мұқ­таж ауыл тұрғындарына қолдан келген қамқорлықтарын жа­сай­тын болады.
Оразалы ЖАҚСАНОВ,
Қостанай облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*