Саммитке зор мән берді

134
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерімен кездесті. 

Қазақстан Президенті Астанада биыл ұйымның үлкен саммиті өте­тінін еске сала келе, соның қар­саңында ШЫҰ-ға мүше мемле­кеттердің сыртқы істер министр­лерінің кездесіп отырғаны маңыз­ды екенін атап өтті.
– Шанхай ынтымақтастық ұйы­мына төрағалық етуші ел ре­тінде біз биылғы маусым айында өте­тін саммитке зор мән беріп отыр­мыз. Ұйымға біздің төраға­лығымыз өңірдегі және әлемдегі қиын үдерістер кезеңімен тұспа-тұс келді, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынты­мақтастық ұйымының күн тәртібіндегі бірқатар мәселеге тоқ­талып өтті. Бұл ретте ШЫҰ-ның қоршаған ортаны қорғау саласын­дағы ынтымақтастығы тұжырым­дамасын бекіту жұмыстарын жан­дандыру, ұйымның экстремизмге қарсы тұру жөніндегі конвенция­сына қол қою және осы туралы мә­лім­деме мен ұйымға мүше мем­лекеттердің нашақор­лыққа қарсы күрес стратегиясын қабыл­дау мәселелері қамтылды.
Кездесуге Қазақстанның Сырт­қы істер министрі Қ.Әбдірах­манов, Қытай Халық Респуб­лика­сының Сыртқы істер министрі Ван И, Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Э.Абдылдаев, Ресей Сыртқы істер министрі С.Лавров, Тәжікстан Сыртқы істер министрі С.Аслов, Өзбекстан Сыртқы істер министрі А.Ка­милов, Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Р.Али­мов, ШЫҰ Өңірлік антитерро­ристік құры­лымы атқару коми­тетінің директоры Е.Сысоев, Қа­зақстан Президентінің ха­лықара­лық мәселелер жөніндегі кө­мек­шісі Н.Онжанов қатысты.
Елдос СЕНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*