Президенттік оркестрдің кәсіби деңгейі жоғары

233
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің арнаулы мемлекеттік органның құрылуына 25 жыл толуына арналған мерекелік концертінде болды.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің барлық қызметкерлері мен ардагерлерін арнаулы мем­лекеттік органның құрылуының 25 жылдығымен құттықтап, Пре­зиденттік оркестрдің кәсіби дең­гейінің жоғары екенін атап өтті.
Елбасы Мемлекеттік күзет қызметі Қазақстан Президентінің, еліміздің басқа да лауазымды тұл­ғаларының, шетелдік делега­циясы басшыларының және мем­лекеттік маңызы бар нысандар­дың қауіпсіздігін ең жоғары дең­гейде қамтамасыз етуші кәсіби мемлекеттік орган болып санала­тынын айтты.
Мерекелік концерт бағдар­ламасы Қазақстанның тәуел­сіздігіне және елдің бүгінге дейін­гі жетістіктеріне арналды.
Қазақстан Республикасы Мем­­лекеттік күзет қызметінің Пре­­зиденттік оркестрі Қазақ­станның хаттамалық, диплома­тиялық, мемлекеттік және басқа да салтанатты іс-шараларына атсалысады. Бұл шығармашылық ұжым өз репертуарында фоль­клор­­дан бастап, классикалық және академиялық музыкалар мен қазіргі заманғы компози­тор­лар туындыларына дейінгі әлем­дік музыка мәдениетінің барлық жанрын қамтиды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*