Жолдаудың орындалуы бақылауда

637
0
Бөлісу:

Елбасы биылғы халыққа Жолдауында берген тапсырмалардың орындалуы – Үкіметтің басты назарында. 

Үкімет үйінде Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшы­сының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын экономиканы жылдамдатылған техноло­гиялық жаңғырту мәселелері жө­нінде іске асыру бойынша кеңес өткізді.
Кеңес барысында әлемдік иннова­циялық көшбасшы компаниялармен бірлескен ынтымақтастық орнату мәселелері, сонымен қатар Қазақстан Премьер-министрі Б.Сағынтаевтың АҚШ-қа жұмыс сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтар қаралды.
Қазақстан Премьер-министрі Б.Сағынтаев кеңес қорытындысы бо­йынша жауапты мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ерік ЕРДЕНОВ

Бөлісу:

Пікір жазу


*