Халықаралық құжаттар қаралады

503
0
Бөлісу:

Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс бюросы алдағы жалпы отырыстың күн тәртібін анықтады. 

Палата депутаттарының екінші оқылымда талқылауына жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер ұсынылмақ. Сондай-ақ алдағы сәрсенбіде қалаулылар Парла­мент­тің ратификациялауына шығарылып отырған бірқатар жобаларды қарайтын бола­ды. Оның қатарында 1996 жылғы 18 қазан­дағы Ресеймен темір жол көлігі кәсіп­орындарының, мекемелері мен ұйымдары­ның қызметін құқықтық реттеудің ерекше­ліктері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы үкіметаралық хаттамасы бар.
Жалпы отырыста Қырғызстанмен Еу­ра­зиялық экономикалық интеграция жағ­дайында экономикалық ынтымақ­тастықты дамыту туралы үкіметаралық келісімді, Сер­бия­мен сотталған адамдарды беру тура­лы және ұстап беруге байланысты заң жоба­­ла­­­­ры бойынша бейінді комитеттерге қоры­тын­ды әзірлеу мерзімі тағайындалатын болады.
Елдос СЕНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*