Үш міндеттің орындалуына назар аударды

1208
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қаржы министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады.

Кездесуде Мемлекет басшысына «Қа­зақ­станның үшінші жаңғыруы: жаһандық бә­секеге қабілеттілік» атты жолдауда елі­міз­дің қаржы және фискалдық жүйесінің ал­дына қойылған міндеттердің іске асы­рылу барысы туралы мәлімделді.
Нұрсұлтан Назарбаев елдің эко­но­ми­калық даму деңгейін арттырудың маңыз­дылығын атап өтіп, негізгі үш міндеттің орын­далуына баса назар аударды.
– Біріншіден, тиісті тетіктер қалып­тас­тыру арқылы бюджет кірісін арттыру ке­рек. Қажет болған жағдайда, шетелдік тә­жірибе зерттелуге тиіс. Екіншіден, мем­лекеттік шығыстарды азайту керек. Үшін­шіден, бөлінген бюджетті тиімді пай­да­лан­ған жөн. Мемлекет үшін Қаржы ми­­нистрі қызметінің тиімділігі оның осы фун­кцияларды қалай атқаратынына ті­­ке­лей байланысты, – деді Қазақстан Пре­зиденті.
Мемлекет басшысы экономикалық өсім­нің төмендеуі мен кірістердің азаюы бай­­­қалған жағдайда Қаржы министрлігі-нің бюд­жетті толықтырудың қосымша тетік­те­рін қалыптастырып, мемлекеттік қа­рыздың қауіпсіз параметрлерін қамта­ма­сыз етуге тиістігін атап өтті.
– Негізінен, экономикадағы өсім Ұлт­тық қордың қаржысы есебінен қамта­масыз етілуде. Көптеген ұйымдар одан әрі игеру үшін қашан қаржы бөледі екен деп, қол жайып қарап отырады. Қаржы ми­нистр­лігі бұл үдерісті шектеп, бақылауда ұстауға тиіс. Біз Ұлттық қорды ұлғайтуымыз қа­ж­ет, – деп тапсырма берді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ Б.Сұлтанов Мемлекет басшысына қаржылық тұрақтылықты сақтау, әлеуметтік міндеттемелерді орын­дау, тексерістерді қысқарту және кә­сіп­керлік секторға түсетін ауыртпалықты азайту, мемлекеттік сатып алулар жүйесін же­тілдіру, мемлекеттік аудит жүйесіне ал­дын алу шараларын енгізу жөнінде ве­домство тарапынан жасалып жатқан қа­дамдар туралы баяндады.

Бөлісу:

Пікір жазу


*