Президентке жолданған жеделхаттар

1254
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қоғамда әлі күнге дейін қызу талқыланып жатыр. Мемлекеттік мекемелерде, түрлі ұйымдарда, БАҚ-та Елбасы мақаласының өзектілігі мен қажеттілігі туралы айтылуда. Президенттің поштасына Қазақстанның әр түкпірінен жолданған жеделхаттарда есеп жоқ. Солардың бірсыпырасын ұсынып отырмыз.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Сіздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалаңызды қолдаймыз. Елді рухани жаңғыру жолындағы салиқалы ойларыңыз бен жүктеген міндетіңіз – кемел келешекке апаратын тікелей соқпақ дара жол. Сондықтан сіздің еліміздің тыныштығы мен өнегесі озық өркениетті елдер қатарына қосу жолындағы жанқиярлық еңбегіңізге толымды табыс тілейміз.
Риясыз құрметпен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музей ұжымы
Қазақконцерт мемлекеттік концерттік ұжымы Елбасының «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын барынша қолдап Пре­зиденттің салиқалы саясатының арқасында еліміздің келешегі кемел болатынына сенім білдіреді.
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Сіздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мән-мазмұны терең мақалаңызды кешегі ұлт даналарының киелі бесігі болған Шығыстағы Абай елі де зор ықыласпен қабылдады. Мемлекеттік дамуды айқындайтын саяси-идеологиялық осынау құжатта қазақ халқының өркениеттік таңдауы жасалынып, мақалаңыздағы XXІ ғасырда ұлттық кодты сақтай отырып жаңғырту, жаһандық сапа бойынша қабілеттілік, білімнің жалпыға ортақ салтанаттылығы, сананың ашықтығы сынды басымдықтар дәл мерзімінде, көргенділікпен жасалған тұжырымдар. Сіз ұсынып отырған тың идеялар жоспарын ұлттық мүдденің стратегиялық бағытын айқындайтын жаңа идеологиялық концепция деп білеміз. Киелі мекен Абай ауданының тұрғындары биылғы жылы хәкім Абайдың әкесі, үш жүзге аты мәлім қайраткер, аға сұлтан әрі қажы Құнанбай Өскенбайұлына еңселі ескерткіш көтеруді мақсат тұтып отыр. Бұл да болса, өлке тарихын таныту мен ұрпақ жүрегін нұрландыру жолындағы рухани жаңарудың жаңа белесіне көтерілетін бір баспалдағы деп білеміз. Міне, осы ретте, осынау жарқын кезеңде сіздің Көшбасшылығыңыздағы бүгінгі жасампаз буынды сіз атап көрсеткен таяу жылдардағы міндеттерді тізе қоса орындауға шақырып, барша отандастарымызды жігерлендіргіміз келеді.
Әрдайым амандықта болып, өркениет көшіндегі халқыңызды дамудың жаңа белестеріне бастай беріңіз. Сіздің бойыңыздағы даналық Алланың Алаш жұртына берген сыйы деп білеміз. Еліміздің өркендеуімен бірге мәртебеңіз де ақсақтай берсін.
Өзіңізге деген ыстық ілтипат, ізгі тілекпен хат жолдаушы:
Абай елінің ақсақалдары, зиялы қауым өкілдері
Тәуелсіз Қазақстанның күн сайын ғарыштап дамуы жолындағы басты қағидаларының беріктігі негізінде Отанымыз түбегейлі жаңғыру және жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға қабілетті болып отыр. Барша қазақстандық жастар Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының құндылығы зор мақаласынан үлкен жігер, болашаққа деген сенім алды. Елбасы, сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс деп жастарды заман талабына сай жан-жақты болуға үндеді. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы арқылы Н.Назарбаев дамыған 30 елдің қатарына қосылу жолында жастардың қосар үлесі орасан зор маңызға ие екендігін баса көрсетті. Біз артылған үміт пен сенімді ақтауға аянбай еңбек етуге дайынбыз.
Ермек Бектасов,
М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының артисі
Заманға сай болу, әлемдік сана қағидаларын қалыптастыру, дамыған елдермен Отанымыздың терезесі тең тұруын басты мақсат еткен Елбасымыз Н.Назарбаевтың сындарлы саясаты қазақстандықтардың мүддесіне бағытталған, ұлттық тарих, бүгініміз бен болашағымыз арасындағы дәнекерлеуші көпір іспетті: білім саласы, тәрбие, отбасы, әр адамның тұлғалық қалыптасуы, ұлтқа деген шексіз махаббат қашанда жүрегімізде сақталуы керек екені, атамекен ауылымыздың қадір-қасиетін де ұмытпауға шақырған – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жан-жақты қамтылып ұлттық мүддеде болуы қуантады.
Салтанат Бақаева,
М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының артисі

Бөлісу:

Пікір жазу


*