Қазақстан халқы ассамблеясы XXV сессиясына қатысушылардың ҮНДЕУІ

1480
0
Бөлісу:

Құрметті отандастар!

Қазақстан халқы ассамблеясының XXV сессиясы Қазақстан халқын Мемлекет басшысының қоғамдық сананың жаңғыруы бойынша бастамала­рын іске асыруды қолдауға шақырады.

2017 жыл Үшінші жаңғыруды іске асыру қолға алынып, Қазақстанның экономикалық өсуінің жаңа үлгісін жасаған жаңа дәуірдің басы болды.
Конституциялық реформа осы міндеттерді шешуге арналған қоғамдық-саяси жағдайларды қалыптастырды.
Қоғамдық сананың жаңғыруы заңды және объективті түрде қажет, Қазақстанның бүкіл даму стратегиясына тұтастық береді.
Қоғамның рухани жаңғыруы үздік дәстүрлер мен ұлттық-мәдени тамырларымызға арқа сүйеуі керек.
Бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау бүкіл Қазақстан халқына және біздің әрқайсысымызға тән қасиетке айналуға тиіс.
Біз білімге құштарлықты қол жеткізер табыстың ең іргелі факторы ретінде ілгерілететін боламыз.
Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясы тек эволюциялық даму ғана өркендеуге жол ашатыны туралы идеяны қолдайды. Бұл азаматтық дамудың қағидатына және әр азаматтың ішкі сеніміне айналуы тиіс.
Бұл амалдар қоғамдық сананың жаңғыруының негізі болады.
Қазақстан халқы ассамблеясы таяу жылдарға арналған күн тәртібінің іске асырылуына барынша белсенді қатысады.
Жаңаруға деген ішкі ұмтылысымыз біздің дамуымыздың түйінді қағидаты ретінде мақсаттарымыздың бірлігін, құндылықтардың ортақтығын және қоғамдық келісімнің қуатын айқындайды.
Жекелеген адамдардың емес, тұтас халықтың бәсекеге қабілеттілігін арттырған ұлт қана табысқа қол жеткізеді.
Біз қазақстандықтарды алға қойылған міндеттерді іске асыруға белсене қатысуға шақырамыз.
Біз тұрақтылық, бірлік пен келісім қоғамның экономикалық, саяси және рухани жаңғыру мақсаттарына табысты қол жеткізуінің негізі мен басты шарты болатынына сенімдіміз!
Алға, Қазақстан!

Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясы,
Астана қаласы, 2017 жылғы 26 сәуір

Бөлісу:

Пікір жазу


*