Президент үш заңға қол қойды

914
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңдарға қол қойды.
Оның біріншісі – мәдениет са­ласындағы заңнаманы жетілдіруге, тарихи-мәдени мұраны қорғауға, театр өнерін, кітапхана және музей ісін дамытуға бағытталған «Қа­зақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң. Екіншісі – су, автомобиль, темір жол және қалалық рельсті көлігінде бақылау жүйесін жақсартуға, теңіз ортасын қорғауды кү­шейтуге және теңізде жүзу қауіп­сіздігін жоғарылатуға, сондай-ақ қа­зақстандық құрғақ жүк тасу флотын дамытуға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заң­намалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң.
Ал үшіншісі – «Қазақстан Респуб­лика­сының Үкіметі мен Сербия Республикасының үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң.

Бөлісу:

Пікір жазу


*