«АНАҒА АПАРАР ЖОЛ» ГРЕКИЯДА КӨРСЕТІЛМЕК

998
0
Бөлісу:

24 мамыр күні Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында Қазақстан мен Грекия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына орай Афинада «Анаға апарар жол» фильмінің тұсауы кесілмек. 

ҚР Мәдениет және спорт ми­нистр­­лі­гінің қол­­дауымен көрсеті­ле­тін жобаның ұйымдас­ты­ру­шысы – еліміздің Грек Республикасындағы Ел­ші­лігі. Туындының бас продюсері Әлия Назар­­­баева және белгілі ре­жис­сер Ақан Сатаев­тың бас­шы­лы­ғымен түсірілген кино бүгінде бір­қатар халық­аралық фести­ва­ль­дерде көптеген жүлде­лер­­ге ие болып үлгер­генін білеміз. Ел тұр­ғын­­да­ры­ның ыс­тық ықыласына бөленген отандық кино­туын­ды енді айтулы ме­ре­ке қар­саңында грек елі­не жол тартып отыр. Фильм­нің негізгі идеясы – ана махаб­батының тұ­нық­ты­ғы мен тереңдігі. Туын­дыда басты кейіпкер анасының аялы алақаны ме­н ыстық құша­ғын қай­та сезіну үшін басына түс­кен не­бір қиындықтарға төтеп беретіні баян­далады. Ілияс ерекше рух, ер­­лік пен отан­сүй­гіш­тік және керемет қай­­сар мінез көр­с­е­теді. Оқи­ға­ның не­­гі­згі же­лісі қа­зақ хал­қының ба­­сына түс­кен ауыр ке­зең­­дер­ді, яғни ұжым­­­дас­­тыру, жұт, со­ғыс және со­­ғыс­тан кейінгі жыл­дарды қам­­тиды.
Шара­ның ұйымдастырушылары «фильм­нің тұсаукесері Эллада аста­на­сында салтанатты түрде аталып өт­кен Жеңіс күні­нен соң өткізілуі сим­во­ликалық мағынаға ие» дейді. Ал­дағы күндері «Анаға апарар жол» туын­дысы қан­дастарымыз көп­теп тұра­­тын Ахарнэ қаласында өткізіледі.

А.ТҰМАР

Бөлісу:

Пікір жазу


*