Міндеттердің орындалу барысы баяндалды

1138
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Нұртай Әбіқаевты қабылдады.
Мемлекет басшысы кездесуде саяси және экономикалық рефор­маларды іске асыру, сондай-ақ қо­ғамдық сананы жаң­ғырту проце­сінде ел Парламентінің маңызды рөл атқа­ратынын атап өтті.
– Даму бағдарламаларын қа­былдадық. Менің Қазақстан хал­қы­на Жолдауымды және экономи­ка­лық ре­формалар мен қоғамның руха­ни жаңғыруын іске асыру үшін заңн­амалық база қажет. Осы жұмысқа белсенді түрде атсалысуға сіздің тәжірибеңіз бен біліміңіз жет­кі­лікті деп сенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Н.Әбіқаев Қазақстан Президен­тіне елімізде жүргізіліп жатқан реформа­ларды заңнамалық тұрғы­дан қамтамасыз ету үшін Парламент депутаттары алдына қойылған мін­дет­тердің орындалу барысы туралы баяндады.

Бөлісу:

Пікір жазу


*