Астанада Стартап-хаб құрылады

1148
0
Бөлісу:

Үкімет үйінде Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасы мәселелері жөнінде кеңес өткізді. 

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қа­зақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында Үкіметке экономиканы технологиялық жаңғырту жұмыстарын жыл­дамдатуды, сонымен қатар «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдар­ла­ма­сын қабылдауды тап­сырған болатын. Бұл бағдарлама цифрлық экожүйені үдемелі дамыту арқылы ха­лықтың өмір сүру сапасы мен Қазақстан эконо­микасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Кеңес барысында «цифрлық Жібек жолын» іске асыру, жасампаз қоғамды дамыту, проактивті мем­лекетке ауысу бойынша жұ­мыстарды жүйелеуге қатысты Ақпарат және коммуникация­лар министр­лігінің іс-қимылдары талқы­ланып, экономика салала­рында­ғы цифрлық түрлендіру шаралары қаралды.
Сондай-ақ Үкіметте Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев эко­номиканың шынайы секторына Индустрия 4.0 элементтерін енгізу ая­сында «Иннова­циялық тех­нологиялар паркі» арнайы эко­номикалық аймағын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Кеңес барысында инвестициялар тарту, Астанадағы Стартап-хаб ба­за­сында IBM зертханасын ашу мә­селелері талқыланды. Сондай-ақ геологиялық машина жасау класте­рінің жаңа жобалары мен Кремний алқабындағы «Иннова­циялық техно­ло­гиялар паркі» өкілдігінің жұмысы қаралды.
Осы күні Үкімет басшысы Бақыт­жан Сағынтаевтың төрағалы­ғымен Мемлекет басшысының «Қазақстан­ның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілет­тілік» жолдауын іске асыру аясында Астанада Стартап-хаб құру мәселесі жөнінде кеңес өтті.
Кеңес барысында Астана Халық­аралық қаржы орталығы (АХҚО) аясында «ЭКСПО – 2017» нысан­дары­ның бірінің негізінде Халықаралық ІТ-стартаптар технопаркін құру бойынша Жол картасы­ның мәселелері талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша Үкімет жетекшісі Бақытжан Сағынтаев бірқатар нақты тап­сырмалар берді. Бұл Стартап-хабты құру «Цифрлық Қа­зақстан» жобасына енгізілген.

Ерік ЕРДЕНОВ

Бөлісу:

Пікір жазу


*