Ұлттық комиссия ұсыныстарды тыңдады

1361
0
Бөлісу:

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың практикалық кезеңі басталды. Бұл жұмысқа барлық орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ азаматтық қоғам институттары тартылуда. Бұл туралы кеше Ақордада Президент Әкімшілігінің басшысы Ә.Жақсыбековтің төрағалығымен өткен Президент жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның екінші отырысында мәлім етілді.
«Ұлттық комиссияның жұмыс топтары нақты жоспарларын жасап, жан-жақты жұмыс жүргізуде. Бүгінгі отырыста аралық кезеңдегі атқарылған жұмыстардың есебін тыңдаймыз. Арнайы жобаларды жүзеге асырудың концептуалды тәсілдемелерін қа­раймыз» деді Әділбек Рыскелдіұлы. Ол бағдарла­­маны ілгерілету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұ­мыс­тары да жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Комиссия мүшелері «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаң­ғырту бағдарламасын іске асыру ауқымында орталық және жер­гі­лікті мемлекеттік органдар атқар­ған жұмыстардың нәтижелерін тал­қылады. Соның ішінде, Пре­мьер-министр Кеңсесі басшы­сы­ның, Алматы қаласы мен Қара­ғанды облысы әкімдерінің баян­дамалары тыңдалды.
Сондай-ақ атқарылған жұ­мыстың негізгі нәтижелері, тұжы­рымдамалық ұстанымдар және одан әрі қызметті ұйымдастыру­-дың нақты шаралары аясында, латын қарпіне көшу, «Жаңа гу­ма­нитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы зама­науи қазақстандық мәдениет», «Қа­зақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобалары бойынша жұмыс топ­тарының жетекшілері есеп берді.
Премьер-министр Кеңесі Қо­ғамдық сананы жаңғырту бағдар­ламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарының 10 тар­ма­ғына жауап береді.
«Бұл іс-шаралар жоспарының барлық тармағын дер кезінде орындау мақсатында біз мемле­кеттік органдармен бірлескен жұ­мыс жүргіздік. Арнайы жобаларды іске асырудың концептуалды тә­сілдемелері бойынша ұсыныстар әзірленді. Сондай-ақ жаңғырту бағдарламасын ілгерілету бойын­ша науқанның оқиғалық тізімі тү­­зілді. Біз бұл құжаттарды Пре­зидент Әкімшілігіне жолдадық, Қазір олар бойынша келісім алын­ды. Премьер-министр Кеңсесіне Қоғамдық сананы жаңғырту бағ­дарламасын іске асыру бойынша үкі­меттік іс-шаралар жоспарын әзірлеу жүктелген. Үкіметтің бұл жоспары да дайын, оның жобасы келісімін алу үшін Президент Әкімшілігіне енгізілді» деп баян­дады Премьер-министр Кеңсе­сі­­нің басшысы Нұрлан Алдабер­генов.
Қаржы министрлігі, мүдделі мем­лекеттік органдармен тізе қоса отырып, бағдарламаны ілгерілету бойынша шығыстардың егжей-тегжейлі сме­тасын құрған. Оның ішінде 6 арнайы жобаны жүзеге асыру да қамтылады.
Сонымен, Н.Алдабергеновтың айтуынша, бағдарламаны қаржы­ландыру бірнеше кезең бойынша жүреді. Бірінші кезең – 2017 жыл­ғы бюджет нақтыланғанға дейінгі аралықты қамтиды. Екіншісі – рес­пуб­ликалық бюджетті нақ­ты­лау ая­сында, ал үшіншісі 2018-2020 жылдарға арналған бюджетті жос­парлау шеңберінде жүзеге асы­­ры­лады.
Бірінші кезең бойынша биылғы жыл бюджеті Парламентте қайта қаралғанын күтіп отырмай-ақ, мем­лекеттік органдар бұрын бе­кітілген 2017 жылғы республи­ка­лық бюджет аясында 591 миллион теңгені өз беттерінше қайта бөле­тін болады.
314 миллион теңге – Мәдениет және спорт министрлігіне, 35 мил­­лион теңге – Білім және ғы­лым министрлігіне, 168 миллион тең-ге – Ақпарат және коммуни­ка­циялар министрлігіне, 73,4 мил­лион теңге – Дін істері және аза­маттық қоғам министрлігіне бө­лінеді.
Биылғы жылдың бюджетін нақ­тылау аясында 4 миллиард теңге қосымша бөлінетін болады. Соның ішінде 747 миллион теңге республикалық бюджеттегі қара­жат­тарды қайта бөлу есебінен алы­­нады. Сондай-ақ 2018-2020 жылдарға арналған республи­ка­лық бюджетті қалыптастыру ая­сында да осы бағдарламаны қар­жы­ландыру мәселесі қарасты­ры­лады деп жоспарлануда.
Алматы қаласының әкімі Бауыр­жан Байбек Алатау аясын­дағы әсем шаһарда «Елбасы ма­қа­ласында қарастырылған ауқым­-ды жобаларды іске асыру бойын­ша тиісті жұмыс Президент Әкім­шілігінің бөлімдерімен бір­ле­се, қызу жүргізіліп жатқанын» баян­дады.
– Арнайы қалалық комиссия құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілді. Комиссия құрамына мем­лекеттік қызметкерлер, мәс­ли­хат депутаттары, Қоғамдық ке­ңес мүшелері, ректорлар, ғылыми-зерттеу институттарының басшы­лары, сарапшылар, жалпы саны 61 адам кірді. 14 сәуірде Елбасы ма­қаласын талқылауға арналған қалалық актив отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша 6 жобаны іске асыруға жауапты адамдар бекітілді. Олардың қа­тарында елге танымал ғалым, та­рихшы Ханкелді Әбжанов пен белгілі лингвист Ерден Қажыбек сияқты азаматтар бар. Барлық жоба бойынша нақты іс-шара­лар атқарылуда, – деді қала әкімі.
Мәселен, «Қазақстанның қа­сиетті жерлері» жобасы шең­берін­де Алматының киелі нысандары белгіленіп, орталыққа ұсыныс ретін­де жолданды. Олардың қа­тарына Райымбек бабаның кесе­несі, «Боралдай сақ қорғандары», «Алма-Арасан» ортағасырлық қала­шық орны, «Тәуелсіздік» және «Тәуелсіздік таңы» мону­мент­тері, халқымыздың көрнекті тұлға­-лары жай тапқан «Кеңсай» және «Орталық» зираттары енді.
Б.Байбектің айтуынша, қала кәсіпкерлері әлеуметтік нысан­дар­ды тұрғызу, қаланы көрік­тен­діру, қайырымдылық көмек көр­сету және әлеуметтік іс-шара­ларды өткізуге белсенді қатысып келеді. Былтырдың өзінде мектеп, емхана, балабақша, 100-ден астам спорттық алаңқай ашылған. Бү­гін­де кәсіпкерлер тарапынан жал­пы сомасы 10 млрд теңгеден астам 20 ірі әлеуметтік жоба іске асы­рылуда. Мәселен, Наурызбай ауда­нында 1200 орындық мектеп және 500 адамға арналған емхана, Алатау ауданында 120 орынға шақ­­талған балабақша, жеңіл ат­летикалық стадион тұрғызылуда. Қарғалы өзенінің жағалауын көр­кейту жұмыстары жүргізілуде.
Қазір Алматыда барлық аудан­да халық мұқтаж, атқарылуы тиіс жобалар тізімі жасақталу үс­тінде екен. Олар кәсіпкерлерге ұсы­нылатын болады.
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Ұлытау өңірін зерттеу жұмыстары қолға алын­ғанын мәлім етті. Қарағанды об­лысында да Елбасының «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша ауқымды жұмыстар басталып кеткен.
– Бұл өте үлкен идеологиялық құжат. Мақаланың тереңдігін – іске асыру барысында айрықша сезініп отырмыз. Мәселен, «Туған жер» бағдарламасын халық өте жақын қабылдауда. Туған жеріңді сүю арқылы – туған елге, Отанға қызмет ету деген ірі идея жатыр бұл бағытта. Туған жерін сүю ар­қылы – елге, мемлекетке, ұлтқа деген патриоттық сезімін білдіріп жатқан жерлестеріміз өте көп. Біз осыны әсіресе, өскелең ұрпаққа, жастарға сіңіруіміз керек. Ортақ мүдденің құндылығын терең тү­сін­ген кәсіпкерлер туған жер­леріне инвестиция салып, ауқым­ды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға ниет танытып отыр. Аз уақыттың ішінде біздің бизнес­мендер 1 миллиард болатын жо­баларын жүзеге асырмақ ниет­тері бар, – деді облыс әкімі.
Елбасы мақаласындағы жетек­ші жобалардың тағы бірі – «Қазақ­станның киелі жерлерінің гео­гра­фиясы».
– Қарағанды облысы киелі жер­лерге өте бай. Осы бағыттағы қастерлі мекендердің қатарында Президент киелі Ұлытауды атады. Бұл бізге зор жауапкершілік жүк­теп отыр. Ұлт ұясы Ұлытауда отандық туризмді тұғырландыру, заманауи кластерге қатысты ин­фра­құрылымдарды жабдықтау бойынша іргелі жобаларды қолға алып жатырмыз. Сондай-ақ жаңа әдістер қолдану бойынша нақты жоба жасап, іске асырудамыз. Жал­пы алғанда, «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» мақала­сы­ның мәні мен маңызын терең түсінген Қарағанды облысының тұрғындары ел дамуына тұғырлы жобаларымен серпін беруге да­й­ын! – деп түйді Ерлан Қошанов.
Бағдарламаның барлық негізгі бағыттары Мәдениет және спорт министрлігіне тікелей қатысты бо­лып келеді. Ведомство бас­шы­сы, комиссия мүшесі Арыстанбек Мұхамедиұлы бұл бағдарламаның ел үшін маңызына тоқталды.
– Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын табысты жүзеге асырсақ, Елбасы айтқандай Қа­зақстанның болашағы мүлдем бас­қаша болады. Өйткені әр ха­лықты оның рухани байлығы мен сана-сезімі қалыптастырады. Бұл бағдарлама біздің сана-сені­мі­міздің жоғары деңгейге кө­те­рі­луіне, өз құндылықтарымызды сақтауға септігін тигізіп, дүние­жүзінде қазақ кім дегенде «мен» деп мақтанышпен айтатындай жағ­дайға жеткізуге тиіс, – деді ол.
Министр рухани жаңғыруда қазірдің өзінде еліміздің жетіс­тіктері ерен екенін алға тартты. «Бүгінде қазақстандық мәдениет, спорт, өнер және басқа да сала­лардың майталмандары әлем бо­йынша озық өнерімен танылуда, еліміздің рухани деңгейін мойын­датуда. Димаш Құдайберген се­кілді жас әншілеріміз төрткүл дү­ниеге мәшһүр. Мәселен, 300 қы­тай жиналып, оның құрметіне қазақ тілінде «Дайдидау» әнін орындады. Мұның барлығы үлкен мақтаныш. Тіпті осындай жас­тарымыздың арқасында өзге мем­лекеттердің жастары қазақ тіліне ықылас танытып, оны өз ерік­терімен үйреніп жатыр», – деді министр.
Мәдениет және спорт ми­нистрі­нің мәліметінше, Елбасы­ның өз мақаласында айтқан ұсы­ныстары отандық жастардың үл­кен қызығушылығын тудыруда:
«Қазақстанның киелі жер­лері­нің географиясы» жобасы аясын­дағы экспедицияларға жастар өз еріктерімен сұрануда. Өңірлердегі жастар, тарихшылар, басқа да азаматтар орталықтан тапсырма күтпей-ақ, еліміздің тарихи жер­леріне саяхаттар ұйымдастыруда. Бұл дұрыс бастама, оны құп­тай­мыз. Тек мемлекеттік шаралар­-мен ғана шектелмей, бүкіл қа­зақстандықтардың осы бағдар­ла­маға тартылуы маңызды. Біздің министрлік жаз айында 7 бағытқа арналған бүкілқазақстандық экс­пе­диция дайындауда. Оған да ниет танытқан жастарды қосамыз» деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Бұл экспедициялар барысында зерттеушілер мысалы, еліміздегі киелі жерлердің негізінде аңыз, әлде ақиқат жатқанын анықтамақ. Сонымен бірге, Қазақстанның қа­зіргі адам аяғы баспайтын, шалғай өңірлерінде зерттелмей жатқан киелі мекендер мен ескерткіштерге экспедициялар бағытталатын кө­рі­неді.
Министр қызықты бір жаңа­лығын жеткізді. Ведомство белгілі америкалық актер Керри Тагава бас­қаратын Castle film-мен бір­лесіп, Алматы облысындағы киелі жерлер және Қазақстандағы көш­пелілер өмірі туралы фильм түсі­руді бастапты. Бірнеше күннен кейін сондай-ақ National Geo­graphic компаниясымен «Алтын адам» туралы деректі фильм түсіру бойынша бірлескен жоба іске қо­сылмақ. Бұл туынды бүкіл әлем бойынша 450 миллиондай кө­рер­мені бар National Geographic ар­насынан таратылады.
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев «Жаңа гума­ни­тарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыру барысына тоқталды. Ауда­руға ұсынылатын оқулықтарды іріктейтін жұмыс тобы құры­лып­ты, оған ЖОО, ғылыми-зерттеу институттары, қоғам қайрат­кер­лері, жетекші саясаттанушылар еніпті. Топтың бірінші отыры­сын­да оқулықтарды іріктеу бойынша іс-қимыл жоспары талқыланған.
Оқулықтарды іріктеу крите­рий­лері айқындалыпты. Бірін­ші­ден, олар тарих, философия, сая­саттану, әлеуметтану, психология, мәдениеттану, филология, педа­гогика, түркологияға қатысты бо­луға тиіс. Екіншіден, базалық оқу­лықтар әлемдік ЖОО-ның озық «жүздігінің» білім беру бағ­дарламасында қабылданған бо­луға және Cengage Learning се­-кілді атақты баспагерлер база­сында тұруға тиісті. Мұның сыр­тында министр оқулықтарды ауда­­руға Қазақстанның ЖОО-лар қауымдастығы, саясаттанушы­-лар, әлеуметтанушылар, психо­лог­тар, тарихшылар және басқа да гуманитарийлердің кәсіби бір­лес­тіктері ұсына алатынын ескертті. Үшіншіден, оқулықтар 2014 жылға дейін қайта басудан өткен болуы керек.
Е.Сағадиев қазіргі таңда 800 аталымдағы оқулықтардың бас­тапқы тізімі ендігі қалыптасты­рыл­ғанын мәлімдеді. Жұмыс тобы әлгі өлшемдер бойынша іріктеуді жалғастыруда екен. 7 оқулық бой­ын­ша халықаралық авторлық құ­қық иелерімен келіссөздер бас­талған. Оның төртеуін министрлік биылғы жыл соңына дейін ауда­рып бітпек. «Бұлар – «Принципы экономики», «Основы социоло­гии», «Новая история западной философии», «Социология в ме­няю­щемся мире». Қалған үшеуін «История современной психо­логии», «Введение в обучение и поведение», «История искусства» оқулықтарын 2018 жылдың нау­рызына дейін аяқтауды жоспар­лаудамыз» деді Ерлан Кенжеға­лиұлы. Жоба операторы – «Ұлт­тық аударма бюросы» қоры.
Қазақ әліпбиі латын графика­сына ауыстыру бойынша жұмыс тобы­ның басшысы, лингвист Ер­ден Қажыбек қысқаша баяндады. Оның айтуынша, жұмыс тобы­-ның және оның бөлімшелерінің отырыстары, сондай-ақ ғылыми, ұйымдастырушылық, сарап­шы­лық және сынақ іс-шаралары ба­рысында жаңа латын әліпбиінің қаріптерін қазақ тілінің дыбыс­-тық жүйесіне бейімдеу жүзеге асы­рылады.
Отырыс қорытындысы бойын­ша шешімдер қабылданып, мем­ле­кеттік органдар мен жұмыс топ­тарының жетекшілеріне тап­сыр­ма­лар берілді.

 

Айхан ШӘРІП

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*