Жаңа өткізу бекеттері ашылады

810
0
Бөлісу:

Нұрлан Нығматулиннің төра­ға­лығымен өткен Мәжіліс бюросының оты­рысында палатаның ал­дағы аптада жалпы оты­ры­сының күн тәртібіне шы­ғарылатын мә­селелер анық­талды.

Жалпы, отырыста пар­ла­мент­шілер қарауына Қа­зақстан мен Өзбекстан арасындағы мем­лекеттік шекара арқылы өт­кізу бе­кеттері туралы келісім хат­тамаға түзетулер ен­гізетін рати­фикациялық заң жобасы шығарылады. Бұл құжат екі елдің сау­да-экономикалық қа­­тынастарын және тран­зиттік-көліктік әлеуетін дамытуға бағыт­талған. Ол бойынша «Целинный» және «Сырдарья» автокөліктік өткізу бекеттерін ашу, «Қазығұрт», «Қапланбек», «Атамекен» авто­мобиль өткізу бекеттерінің мәр­тебелерін «екіжақтыдан» «көп­жақтыға» ауыстыру, сондай-ақ темір жол өткізу бекетін Бейнеу стан­­са­сынан Оазис стан­­сасына көшіру қарас­тырылады.
Мұның сыртында Мә­жіліс алдында «палатаға келіп түскен жаңа рати­фикациялық актілердің жо­балары бойынша па­лата комитеттерінің қо­ры­тындылар әзірлеу мер­зімдерін белгілеу» міндеті тұр. Бұл жобалар тех­ни­калық жәрдем көрсету туралы Қазақстан мен Қыр­ғызстан арасындағы хаттамадан және оған тү­зету­лерден тұрады.

Дайындаған Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*