Әріптестік әлеуеті арта түспек

902
0
Бөлісу:

Елбасы Түрік Республикасы премьер-министрінің орынбасары Тұғрұл Түркешпен кездесті.

– Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жылдан астам уақыт ішінде біздің өзара қарым-қатынасымыз барлық бағыт бойын­ша ілгерілеп, дамып келеді, – деді Мем­лекет басшысы.
Т.Түркеш өзін қабылдағаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, Түрік Республикасының президенті Реджеп Тайып Ердоғанның сәлемін жеткізді.
– Түрік Республикасы мен Қазақстан арасындағы қатынастардың тамыры те­реңде. Қазақстанның халықаралық ұйым­дар қызметіне, әсіресе, БҰҰ Қа­уіпсіздік Ке­ңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде белсене қатысуы Түркия үшін маңызды, – деді Түркия премьер-министрінің орын­басары.

Бөлісу:

Пікір жазу


*