Елбасы «ЭКСПО» кешенін аралады

1069
0
Бөлісу:

Елордада жаһандық көрменің ашылуына бес күндей ғана уақыт қалды. Қатысушылар саны мен өткізілу ұзақтығы бойынша биылғы жылғы ең ірі әлемдік шара саналатын «Астана «ЭКСПО – 2017» көрмесі қарсаңында Президент Нұрсұлтан Назарбаев көрме кешенін аралап көрді. Оның аясында ұйымдастырушылар Елбасыға дүниежүзілік көрменің ашылу рәсімі қалай өтетінін көрсетті.

Мемлекет басшысы көрменің басты нысаны болып табылатын «Нұр Әлем» павильонын ара­лады. Бұл – диаметрі 80 метрді құрайтын, шар түрінде салынған әлемдегі бірден-бір ғимарат.
Осы ұлттық павильонымызда «Болашақтың энергиясы музейі» орналасады, онда Қазақстанмен танысу аймағы болады, сондай-ақ энергияның негізгі түрлері ұсынылады.
Қазақстан Президентіне «Болашақ Астана – Қазақ­станның 2050 жылғы елордасы» экспозициясы, ғарыш энергиясы залы, қазақстандық 28 ғылыми жобаны және «Жасыл эконо­ми­ка» тұжырымдамасы жөніндегі жобаларды қамтитын «Жасампаз энергия» аймағы, сондай-ақ Қазақстанның «Токамак» мате­риалтану термоядролық реакто­рының моделі, энергетика мен қоршаған ортаны қорғау сала­сындағы Мемлекет басшысының бастамалары көрсетілген медиа­қабырға таныстырылды.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев көрме кешенінің Конгресс-орталығында болып, «Шаңырақ», «Аспан» залдарын, VIP-террасаны, концерт залын көрді. Конгресс-орталық көп­функ­ционалды мәдени әрі ойын-сауық орталығы болып саналады. Онда 2 192 орынға арналған кө­рермендер залы және 4 конфе­ренц-зал бар. Жаһандық көрмеге қатысатын әлем елдерінің прези­денттері мен басшылары да осы орталықта кездеседі деп жоспар­лануда.
Елдос СЕНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*