Депутат үй сыйлады

508
0
Бөлісу:

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Нұрғазы Сәтбаев Қазталов ауданының Қарасу ауылдық округіне қарасты Жұлдыз ауылында тұратын көпбалалы Ғұбашевтар отбасына үй сатып алып берді.

Жеті бала тәрбиелеп отырған Дас­тан мен жұбайы – «Алтын алқа» иегері Гүл­дәурен 2000 жылдан бері екі бөл­мелі тар үйді паналап келген. Екі ба­ла­лы болған кезде үйдің тарлығы олар­ға сезілмеген. Алайда бірнеше жыл өткеннен кейін тағы бес бала дү­ние­ге келген соң баспананың тарлығы бай­қалған. Ауылдағы мектепте ғи­ма­рат күтушісі болып жасайтын Дас­тан­ның үй салуға немесе сатып алуға қа­ра­жаты болмай көп қиындық көрген. Осы мәселе түйіні «Нұр Отан» партия­сы­ның облыстық филиалында өткен қабылдауда шешілген.
Қабылдауда болған Дастанның әкесі Қайырғали Ғұбашев облыстық мәс­лихат депутаты Нұрғазы Сәтбаевқа жо­лығып, ауылдағы баласы мен келі­ні­нің жағдайын жеткізген. Жомарттық танытқан халық қалаулысы Ғұбашев­тар отбасына көмек қолын созып, олар тұрып жатқан үйдің жанынан 70 шар­шы метрді құрайтын қосымша 3 бөл­мелі үйді 600 мың теңгеге сатып алып берді.
– Бүгін шаңырағымызда үлкен қуа­ныш. Әсіресе, балаларымыз риза. Бас­пана алуға ықпал жасаған «Нұр Отан» партиясының облыстық фи­лиа­лы қызметкерлеріне және облыстық мәс­лихат депутаты Нұрғазы Сәтбаев аға­мызға алғысымыз шексіз! – дейді Дас­тан Ғұбашев.

Жамбыл ҚЫРҒЫЗБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*